Атырау, 11 желтоқсан 04:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Кәсіпкерлікті дамытуға арналған миллиардтар

1 165 просмотра

Атырау облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы Нұрбол ЖАҢАБЕКОВ ӨКҚ-де өткен брифингте хабарлағандай, биыл 1 ақпандағы мәлімет бойынша өңірде 70 717 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Солардың 64 605-і жұмыс істеп тұр.

Н.Жаңабековтың айтуынша, өткен жылы Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында жергілікті және республикалық бюджеттен 8 млрд теңге бөлінген.

Аталған жоба аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 106 млн теңге қайтарымсыз мемлекеттік грант берілген. Ал биыл өңір кәсіпкерлігін дамыту үшін жергілікті бюджеттен 2,2 млрд теңге бөлінген. Қалған қосымша қаражат қажеттігіне қарай республикалық бюджеттен қарастырылмақ.  

- Бұдан басқа, ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатында 1 млрд теңгеге өңірлік бағдарлама іске асырылады. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қаржыландыру сәуір айынан басталады деп жоспарланып отыр. Былтыр осы мақсатта қосымша жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, 45 ауыл кәсіпкерінің жобалары қаржыландырылған, - дейді Н.Жаңабеков.

Айнұр САПАРОВА

22 ақпан 2023, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.