Атырау, 28 қараша 12:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сауда саласындағы салымдар

1 031 просмотра

2023 жылғы 1 ақпандағы  жағдай бойынша облыста бөлшек сауда көлемі 29,2 млрд теңгені құрады. Ал, былтыр сауда саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2022 жылы 19,4 млрд теңге құраған. Бұл туралы Атырау облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы Нұрбол ЖАҢАБЕКОВ өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Былтыр Атырау облысында сауда саласында 6,4 млрд теңгені құрайтын 46 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Бұл көтерме және бөлшек саудаға; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласына қатысты. Ал, тағы 13 млрд теңге қаржы және сақтандыру қызметі, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет, өзге де қызметтер түрлерін ұсыну салаларына қатысты.   

Н.Жаңабековтың мәліметінше, биыл сауда саласында жүзеге асырылатын инвестиция көлемі 23,1 млрд теңгені құрайды деп жоспарлануда және 340 жаңа жұмыс орындары құрылады.

Айнұр САПАРОВА

22 ақпан 2023, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.