Бұл туралы бүгін, 28 ақпанда облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Олардың мәліметінше, облыстық білім беру басқармасы басшысының бұйрығымен отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева тергеу жүргізу кезінде атқаратын қызметінен уақытша шеттетілді:
- «Шаңырақ» тәрбиеленушілерінің өтінішінен кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аяқталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін директор жұмысын жалғастыра ма, жоқ па, шешім қабылданады.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА