Атырау, 23 қараша 11:56
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жайық пен Қиғашты тереңдету: биыл сағаны қолға алады

901 просмотра

ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ биыл Жайық және Қиғаш өзендерінің сағасын тереңдету жұмыстары басталатынын айтты. Бұған қаражат бөлінген.

Брифингтен кейін жұмыс құнын нақтыладық. Н.Құсайыновтың айтуынша, Жайық сағасы бойынша 6 млрд теңгені, ал Қиғаш бойынша 10 млрд теңге болады. Бұл ретте облыс әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңесте Жайық бойынша жобалық-сметалық құжаттама жеткіліксіз әзірленген деп танылып, қайта қарауға қайтарылған, қазір қайта әзірленуде. Ал Қиғаш бойынша жобалық-сметалық құжаттама қазір мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.

Еске салсақ, 2017-2021 жылдар аралығында облыс аумағында Қиғаш (126 км, 5,9 млрд теңге) және Жайық (43 км, 2,2 млрд. теңге) өзендерін суландыру және гидрологиялық режимін жақсарту жұмыстарының бірінші кезеңі жүзеге асырылды. 2022 жылы республикалық бюджет есебінен екінші кезең басталды: Жайық бойынша 51,5 шақырым және Қиғаш бойынша 99 шақырым. Оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Мемлекеттік сатып алу порталында осы жылдың 26 қаңтарында облыстық құрылыс басқармасы мен «Павлодар өзен порты» АҚ арасында жасалған шартта 14 миллиард 537 миллион 776 мың теңге көрсетілген. Келісімшартта мұндай қаржы көлемі облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 209-VII «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен бекітілгені айтылған.

Айнұр САПАРОВА

27 ақпан 2023, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.