Жылыой аудандық сотында, өткен жылдың 20 қазанында, Құлсары қаласында 11 жасар баланы қағып өлтірген жүргізушіге үкім шықты. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бабы («Жүргізушінің адамның қайтыс болуына әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы») бойынша айып тағылды.
Еске салсақ, 20 қазанда таңертеңгі 8 шамасында Жылыой ауданы Құлсары қаласында 5 сынып оқушысы мектепке барар жолда «Көктем» дүкенінің жанында көшені кесіп өткен кезде, оны 73 жастағы Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі қағып кеткен. Бала оқиға орнында қайтыс болды.
Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушының кінәсі сараптама қорытындысымен, апат болған жердегі бейнежазбамен толығымен расталған. Прокурор 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Жәбірленушінің өкілі заң талаптарына сәйкес үкім шығаруды сұрады.
Сотталушы кінәсін мойындады.
Сот үкім тағайындау кезінде соттылығының болмауын, шын жүректен өкінуін, егде жасын, денсаулық жағдайын және моральдық зиянды өтеуін жеңілдететін мән-жайлар деп шешті.
Сотталушы 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығын айырылып, екі жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жәбірленушінің пайдасына одан 5 млн теңгеге көлемінде моралдық залал өндірілді.
Айнұр САПАРОВА