Атырау, 2 қазан 09:24
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Мүйізі үшін қаншама ақбөкенді қырып тастаған

990 просмотра

Атырауда «Береке» ықшамауданындағы тұрғын үйлердің бірін тексеру кезінде жалпы салмағы 500 келіден асатын 2421 ақбөкен мүйізі табылды. Келтірілген шығын көлемі 6 миллиард 264 миллион теңгені құрайды.

Бұл факті Атырау облысы бойынша ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҚР ҰКК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізген «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды. Бұл туралы бүгін, 9 наурызда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

32, 36 және 37 жастағы күдіктілер ұсталды, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы («Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айнұр САПАРОВА

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ. Ақбөкен мүйізінің сығындысы ерлердің қауқарын арттырады, сонымен қатар инсульт, бауыр және асқазан ауруларын емдеуге көмектеседі деп есептеледі.

9 наурыз 2023, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.