Атырау, 28 қараша 12:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау облысында екі жарым миллион тонна қоқыс жиналды. Екі өңдеу зауытының көмегі бола ма?

1 087 просмотра

Атырауда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, өңдейтін екі кешеннің құрылысы биыл аяқталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан ЖАНТОҚОВ мәлім етті.

Оның айтуынша, кешендердің қуаттылығы жылына 75 және 150 мың тоннаны құрайды. Әңгіме «Промэкология» ЖШС мен «Гринсити» ЖШС туралы болып отыр. Бірінші кешен бойынша инвестиция көлемі 1 миллиард теңгені, екіншісі бойынша 1,5 миллиард теңгені құрады.

Н.Жантоқов облыс аумағында 55 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар екенін және онда 2 миллион 650 мың тонна қоқыс жиналғанын айтты.

Айнұр САПАРОВА 

17 ақпан 2023, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.