Атырау, 21 желтоқсан 10:43
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Мәдениет

Дәстүр жаршысы Мәдениет

Дәстүр жаршысы

Алматыдан келген танымал этнограф, коллекционер Баһаргүл ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ (суретте) Атырауда ұлттық кәдесыйлар көрмесін өткізді. Көздің жауын алар өңіржиек, білезік, жүзік, сақиналар секілді зергерлік бұйымдар көптің сұранысына ие болды. 5 желтоқсан 2013, 00:00 17 818 рет қаралды
Қызылқоғаның көңілді жастары! Мәдениет

Қызылқоғаның көңілді жастары!

Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрында «Қазақстан КВН Одағы» мен «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен Каспий аймақтық лигасы мен Атырау мектеп лигасының жартылай финалдық, сондай-ақ, Атырау Жоғары лигасының финалдық ойындары өтті. 24 қазан 2013, 00:00 3 633 рет қаралды
Кино туралы заң керек Мәдениет

Кино туралы заң керек

20 қыркүйек күні «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында Атырауға отандық кино күндері аясында келген ҚР Кинематографистер одағының төрағасы Игорь ВОВНЯНКО, одақтың атқарушы директоры Жаңабек ЗӘУІРБЕКОВ және әйгілі «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдап, халықтың мақтанышына айналған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт ӨТЕКЕШОВА журналистермен кездесті. Еліміздегі кино өндірісі, актерлар мен режиссерлердің еңбегі хақында әңгімелер айтылды. 23 қыркүйек 2013, 18:00 5 553 рет қаралды
Кастингке шақыру Мәдениет

Кастингке шақыру

«Айнұр» фотостудиясың операторы Қарасай КҮНЖАРЫҚОВ және оның Қазақстанда алты жылдан астам уақыт тұрып келе жатқан молдавиялық әріптесі Раду ДРАГАН экшн жанрындағы толықметражды көркем фильм түсіруге дайындалуда. 30 мамыр 2013, 00:00 3 702 рет қаралды
Жалғыздық Құдайға ғана жарасады Мәдениет

Жалғыздық Құдайға ғана жарасады

Жуырда Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрының сахнасында ресейлік драматург Надежда ПТУШКИНАНЫҢ трагикомедиясы желісімен қойылған «Тастамамені» атты спектакль өткен болатын. Оны сахналаған - оралдық режиссер Мұқан ТОМАНОВ. 16 мамыр 2013, 00:00 4 802 рет қаралды
Ақынның қолтаңбасы Мәдениет

Ақынның қолтаңбасы

26 сәуір күні «Ақ Желкен» шығармашылық орталығында атыраулық оқушылар мен студенттердің белгілі ақын ҚалқаманСАРИНМЕН (суретте) кездесуі болды.Ақын Атырауға бұдан бір күн бұрын өткен өзінің замандасы, жергілікті ақын Бақытгүл БАБАШТЫҢ шығармашылық кешіне қонақ болып қатысу үшін Астанадан арнайы келген еді. 2 мамыр 2013, 00:00 4 000 рет қаралды
Өз көрерменін іздеу жолында Мәдениет

Өз көрерменін іздеу жолында

Жуырда Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрының директоры ауысты. Берік ЖӘМЕНОВТЫҢ орнына театрдың бас режиссері әрі көркемдік жетекшіcі Асылбек ЫҚСАН (суретте) келді. Біз театрда ғана емес, телевизия, газет, аударма ісі және кино саласында да біршама жұмыс тәжірибесі бар бұл кісімен әңгімелескен едік. 21 наурыз 2013, 00:00 5 594 рет қаралды
Мұрагер Мәдениет

Мұрагер

Келіп жеткен жылда әйгілі күйші-қобызшы Ықылас ДҮКЕНҰЛЫНЫҢ туғанына 170 жыл толады. Оның төртінші ұрпағы, яғни шөпшегі Ақнар ШӘРІПБАЕВАНЫҢ (суретте) Атырауда тұрып жатқанын біреу білсе, біреу білмейді. Ол - өзінің әйгілі бабасы секілді күйші-қобызшы, республикалық сайыстардың және халықаралық фестивальдердің лауреаты. Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы, Дина Нұрпейісова атындағы халық аспаптары оркестрінің күйшісі. Көп балалы ана. Ал бұл - өнер адамдарының басында кездесетін сирек жағдай. 3 қаңтар 2013, 15:07 13 193 рет қаралды
Киелі қобыз сырлары Мәдениет

Киелі қобыз сырлары

29 қазанда Атырауда алғаш рет облыстық қобызшылар сайысы өтті. Сайыс Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясындағы қобыз класының ұстазы Сұлухан ҚОЖАНТАЕВАНЫҢ құрметіне орай ұйымдастырылды. Сол күні сайыспен бірге Құрманғазы мәдениет сарайында Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің қобыз тобының жетекшісіЖазира ӘУЕЗОВАНЫҢ (суретте) «Киелі қобызсырлары» атты концерті өткізілді. 6 желтоқсан 2012, 00:00 10 157 рет қаралды
Портреттер көрмесі Мәдениет

Портреттер көрмесі

27 қыркүйек күні «Ақ Желкен» шығармашылық орталығында «ПаңDan» атты портрет жанрындағы республикалық көркемсуреттер көрмесі болып өтті. Оған Алматы, Орал, Ақтөбе, Атырау қалаларының белгілі қылқалам шеберлері қатысты. 3 қазан 2012, 23:06 3 075 рет қаралды
Канн кинофестивалі ме дерсің... Мәдениет

Канн кинофестивалі ме дерсің...

9 қыркүйек күні киносүйер көрерменнің назарына «Еркебұлан production» кино орталығы түсіріп жатқан «Қыз жүрегі» фильмінің трейлері ұсынылды. Тұсаукесер рәсімі осы фильмге түскен актерлар мен өзге де шығармашылық топ мүшелерінің «Ақ Жайық» қонақ үйінің алдында төселген қызыл кілем үстімен жүріп өтуінен басталды. Бұл бір халықаралық кинофестивальдерді еске түсірді. 13 қыркүйек 2012, 00:37 5 600 рет қаралды
Атырау – суретшілер көзімен Мәдениет

Атырау – суретшілер көзімен

1 қыркүйек күні «Ақ желкен» шығармашылығы орталығында «Алтын қайық» номинациясының қала көріністері жанрындағы республикалық симпозиум өтті. Оған Алматыдан тәжірибелерімен бөлісуге келген үш суретшімен бірге, «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған «Алтын қайық» байқауына өз жұмыстарын алып келген Ақтөбе, Ақтау, Оралдан келген 16 суретші қатысты. 4 қыркүйек 2012, 19:59 11 821 рет қаралды
Шеберлердің ізін кім жалғайды? Мәдениет

Шеберлердің ізін кім жалғайды?

24 тамыз күні Исатай-Махамбет алаңында Конституция күніне орай «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Сарайшықтан Астанаға дейін!» атты этно-мәдени экспедициясының көрмесі өтті. Оған облыс әкімінің жаңадан тағайындалған әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Шыңғыс МҰҚАН да келді. 30 тамыз 2012, 00:22 5 718 рет қаралды
Біздің ауылда кино түсіріліп жатыр Мәдениет

Біздің ауылда кино түсіріліп жатыр

Осыдан екі ай бұрын «Қыз жүрегі» фильміндегі рөлдерді орындаушыларға арналған кастинг жарияланған болатын. Кейін режиссер Карл ИСАБЕКОВТЫҢ шығармашылық тобы Махамбет ауданындағы Еспол ауылында фильмнің түсіріліміне кірісті. Қазір ауылдағы көріністердің кадрлары толық алынып бітті. Енді Атырау қаласы мен Астана қаласындағы түсірілім жұмыстары күтіп тұр. 29 тамыз 2012, 17:30 15 605 рет қаралды
Ал сіз киноға түскіңіз келе ме? Мәдениет

Ал сіз киноға түскіңіз келе ме?

Тамыздың басында Атырауда «Қыз жүрегі» атты толықметражды фильмнің түсірілімі басталады. Шілденің 23-і мен 25-сі аралығында «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалының ғимаратында көркем фильмнің кейіпкерлеріне арналған кастинг өткізілді. Кастингтің қорытындысы 28 шілде күні анықталады. 26 шілде 2012, 17:23 7 907 рет қаралды
Бабадан қалған жәдігер Мәдениет

Бабадан қалған жәдігер

Осыған орай, аталмышқордың төрағасы Нұрберген ДӘУЛЕТОВ жергілікті ақын-жазушылар мен журналистерді Сарайшық ауылының Қазынатал деген жеріне жинады. Естеріңізге сала кетейік, қазақтың көне қолөнерін жаңғырту мақсатында қолға алынған бұл экспедиция 11 мамыр күні басталған болатын. 11 шілде 2012, 21:21 5 527 рет қаралды
Еділ бойындағы қазақтардың әні қандай? Мәдениет

Еділ бойындағы қазақтардың әні қандай?

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкерлері «Шетел қазақтарының фольклоры, әдебиеті және музыкалық өнері» ғылыми-зерттеу жобасы аясында жүзеге асқан мәдени экспедиция барысында Ресейге сапарын аяқтап, Самара, Саратов, Волгоград, Астрахан облыстарында тұрып жатқан қазақтардың әдеби-мәдени өмірімен танысты. Бұл экспедицияда олар Еділ бойындағы қазақтардың ауызекі түрінде сақталған фольклор үлгілерін жинап қайтты. Институттың аға ғылыми қызметкері, өнертану ғылымының кандидаты, музыкатанушы Бақыт ТҰРМАҒАМБЕТОВА әңгімелейді. 4 шілде 2012, 17:33 6 396 рет қаралды