Атырау, 25 желтоқсан 23:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

"Ню" өнері бөлек жанр

2 841 просмотра

17 шілде күні «Ақ Желкен» шығармашылық орталығында атыраулық жас суретшілердің «Жаңа көзқарас» атты көрмесі ашылды.

Көрмені «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Онда Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті, Астана қалалық Қазақ ұлттық өнер университеті, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Шымкент қаласындағы Ә.Қастеев атындағы көркемсурет колледжінің студенттері мен түлектерінің жұмыстары қойылды.  Олардың бәрі де Атыраудан.

Көрмеде көркемсурет туындыларымен бірге азды-кемді қолөнер бұйымдарын да кездестіруге болады. Мәселен, «Үш жүз» жұмысы Қайрат БОЛАТТЫҢ төл еңбегі. Ол бұған қиялы мен бар күш-қуатын жұмсады. «Көрмені тамашалаушыларға Қайраттың осы жұмысы ерекше ұнайды», - дейді көрмені ұйымдастыруышалар.

Сонымен бірге, Әйгерім БЕКҚАЛИЕВАНЫҢ (суретте) картиналары да қызығушылық тудырды. Әсіресе, «Екі сұлулық» («Две грации») атты жұмысына көп үңіледі.

Әйгерім оны өзінің ұстазы, гобелен шебері әрі белгілі суретші Әлибай БОПАНОВТЫҢ шеберханасында үй тапсырмасы ретінде салғанын айтады. Ол қазір Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 4-курсын бітірді. Енді бір жыл оқуы қалды.

- Біреулер жалаңаш әйелдерді қалай саласың, ол қалай болады деп сұрайды. Ал біз, суретшілер, оған үйренгенбіз. Мүсіншілер де, біздер де шеберханаға өз жұмысымызды жасап, өнер туындысын бірге аяқтау үшін келеміз, - дейді Әйгерім.

Айнұр САПАРОВА

26 шілде 2012, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.