Атырау, 28 желтоқсан 17:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Портреттер көрмесі

2 914 просмотра

27 қыркүйек күні «Ақ Желкен» шығармашылық орталығында «ПаңDan» атты портрет жанрындағы республикалық көркемсуреттер көрмесі болып өтті. Оған Алматы, Орал, Ақтөбе, Атырау қалаларының белгілі қылқалам шеберлері қатысты.

Суретші Табылды МҰҚАТ (суретте) көрмеге өзінің екі жұмысын әкелген. Олар – белгілі композитор Темірәлі Бақтыгереевтің және күй анасы Дина Нұрпейісованың портреті. Т.Мұқаттың айтуынша, портрет жанрындағы көрме елімізде алғаш рет өткізіліп отыр.

Көрменің алғашқы күнінде-ақ тамашалаушылар көп болды. Көпшілік танымал тұлғалардың портреттеріне ұзақ қарап, ара-тұра қаншалықты айнытпай бейнеленгенін өзара талқыға салды. 

Көрме 15 қазанға дейін жалғасады.

Айнұр САПАРОВА

3 қазан 2012, 23:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.