Атырау, 26 желтоқсан 12:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«Дима енді бізге келмейді»

3 724 просмотра

Ресейлік әнші Дима Биланның 21 тамыз күні Атырау облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының сахнада өтуге тиісті концерті болмайтын болды.  

Әншінің сайтында концерттің ұйымдастырушылардың әншімен арадағы келісім-шарттың талаптарын мүлдем орындамағандығына байланысты өтпейтіндігі туралы хабарлама пайда болды. Концертті ұйымдастырушы Алмат ЛЕПЕСОВТЫҢ айтуынша, бүгінгі күнге дейін Дима Биланның концертіне құны 10, 15 және 20 мың теңге тұратын 150 билет сатылған.

- Біз 550 билет сатуға тиіс едік. Билет алатын болып келіскен бірнеше компаниялар соңғы жағына келгенде сатып алудан бас тартты. Концерт билеттердің толық сатылмауына байланысты өткізілмейтін болды, - деп хабарлады ол.

- Дима билан сізге ренжіп отырған болар? Концерт енді мүлдем болмай ма әлде басқа күнге ауыстырылды ма?

- Концерт болмайды. Ол енді бізге келмейді. Қазір біз бұрын сатылған билеттердің ақшасын кері қайтарып жатырмыз.

Айнұр САПАРОВА

21 тамыз 2012, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.