Атырау, 25 желтоқсан 19:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Бабадан қалған жәдігер

5 305 просмотра

Осыған орай, аталмышқордың төрағасы Нұрберген ДӘУЛЕТОВ жергілікті ақын-жазушылар мен журналистерді Сарайшық ауылының Қазынатал деген жеріне жинады. Естеріңізге сала кетейік, қазақтың көне қолөнерін жаңғырту мақсатында қолға алынған бұл экспедиция 11 мамыр күні басталған болатын.

Табиғат аясында бас қосқан шығармашылық топ өкілдері экспедиция барысында жиналған қолөнер бұйымдары көрмесін тамашалады. Айта кету керек, 10 мың шақырымға жуық жол жүрген экспедиция тобының мүшелері екі айдың ішінде облыстың ірілі-ұсақты 81 елдімекенінде болып, 25-ке тарта түс киіз, 50-ге жуық алаша, 8 дойыр, 2 сегіз өрім қамшы, 2 шыбыртқы және шамамен 100 жылдық тарихы бар домбыраны көрмеге қою үшін өз иелерінен уақытша сұратып алды. Ал 260 жылдық тарихы бар домбыраны бейнетаспаға түсіріп алуға ғана мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, аталмыш көрмеге ұсталардың өз қолымен соғылған қасқыр, түлкі қапқандарымен бірге, жергілікті зергерлердің соққан 4 күміс білезік, 5 құдағай-құда жүзік, 2 күмістен соғылған доға, 1 жезден соғылған үзеңгі, 19 ғасырдың аяғында жасалған екі ағаш табақ пен қайыстан жасалған 3 туфли де уақытша тапсырылып отыр.

Экспедиция барысында аймақта 124 қолөнер шебері барлығы анықталды. Солардың ішінде ең үлкені Құрманғазы ауданында тұратын 90 жастағы қамшы өретін Шайхиден Сералиевақсақал, ал ең жасы Қызылқоға ауданында тұратын 30 жастағы алаша тоқитын Әсемгүл Сүйеуова.

Нұрберген Дәулетовтың  айтуынша экспедиция ресми түрде аяқталғанымен, бұл бағыттағы жұмыс әлі жалғасын табады. Қазірдің өзінде қала және аудан тұрғындарынан қол-өнерге қатысты сауалдар мен ұсыныстар легі таусылар емес.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 шілде 2012, 21:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.