Атырау, 29 наурыз 05:24
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қызылқоғаның көңілді жастары!

3 199 просмотра

Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрында «Қазақстан КВН Одағы» мен «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен Каспий аймақтық лигасы мен Атырау мектеп лигасының жартылай финалдық, сондай-ақ, Атырау Жоғары лигасының финалдық ойындары өтті.

Аймақтық лига ойынына өңірімізден бөлек, Маңғыстау,  Ақтөбе облыстарынан да келген командалар қатысты.

Сонымен, Атырау Мектеп лигасы бойынша финалдық сайыстарғаБарбарис, Өнерпаз, Жангелдин мектеп құрамасы, Кенбай жастар құрамасы жолдама алды. Ал республикалық «Каспий» аймақтық лигасы бойынша финалдық сайыстарғаҚазақ қыздары, Тема, Шалқар құрамасы, АИГИ жастары, Болашақ жастары командалары жолдама алды.

Ал Атырау Жоғары лигасы бойынша Қызылқоға құрамасы чемпион болды. Прада командасына 2-орын, «Абзал жандар» командасына 3-орын берілді.

Айнұр САПАРОВА

24 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.