Жуырда Атырауда «Еркебұлан production» кинокомпаниясы құрылды. Бұл туралы компанияның директоры Еркебұлан НҰРХАНҰЛЫ хабарлады.
Кинокомпания Атырау облысында көркем фильмдер түсірумен айналыспақшы. Қазір кинокомпанияның өкілдері «Атырау-Ақпарат» КМК ғимаратының бір кеңсе бөлмесін жалға алып отыр. Алдағы күндері жеке ғимараты болады деп күтілуде.
Бүгінгі күні кинокомпания сценарийшілер мен режиссерлерді, актерлер мен операторларды ынтымақтастыққа шақырады.
- Мен Атырауда киноиндустрияны дамытқым келеді. Бастамасы қиын болары белгілі, бірақ әр істің оң нәтижесі сыннан өткізіліп барып, тәжірибе жинақтаған соң көзге көрінеді. Қазір біз бір комедия және бір тарихи жанрда фильмдер түсіруді жоспарлап отырмыз, - дейді Е.Нұрханұлы.
Айнұр САПАРОВА