Атырау, 27 желтоқсан 00:48
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Шеберлердің ізін кім жалғайды?

5 574 просмотра

24 тамыз күні Исатай-Махамбет алаңында Конституция күніне орай «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Сарайшықтан Астанаға дейін!» атты этно-мәдени экспедициясының көрмесі өтті. Оған облыс әкімінің жаңадан тағайындалған әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Шыңғыс МҰҚАН да келді.

й тігілді. Соның 7-еуіне жеті ауданның аты берілді. Тігілген киіз үйлер жанында ұлттық қолөнер бұйымдары қойылған. Одан бөлек, әр аудан қазақтың салт-жоралғылары мен әдет-ғұрыптарынан (алтыбақан, құда күту және т.б.) көріністер сахналады, сондай-ақ домбыра, қамшы, текемет, киіз үй жабындылары, зергерлік бұйымдар секілді және т.б. қазақтың ұлттық қолөнерінің бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Ұмыт бола бастаған қолөнерді жандандырып, жалғастырып келе жатқан аталарымыз бен әжелеріміз де шалғай аудандардан келіп, халық алдында өз бұйымдарын насихаттады. Мәселен, Исатай ауылы Аққыстау селосынан немерелерімен бірге келген 83 жастағы Есполай ҚУАТОВ (суретте) 40 жылдан бері қамшы өрумен айналысып келеді.

- Әкем қамшы өретін еді, бұл өнерді содан үйрендім. Мен Нарын құмында туып өстім. Ол жерде машина жоқ. Сол себептен бәрі атқа мініп жүреді. Баласы да, кәрісі де дойыр қамшы ұстайды. Кісіге шабатын буралар мен бұқалардан қорғану үшін бұл дойыр міндетті түрде керек. Маған қамшы өріп бер деп атқа мінетіндер көп тапсырыс береді. Енді халық көрсін деп осы араға келіп отырмын. Қазір қамшы өретіндер де санаулы. Қамшы жасау оңай емес. Оған қажетті терілерді дайындаудың өзі қиындықпен келеді, - дейді шебер Е.Қуатов.

Ал Қызылқоға ауданынан келген 73 жастағы Дария САПАРОВАНЫҢ (суретте) киіз үй жанында өрмек тоқып отырғанына куә болдық. Ол бұл өнерді 10 жасында меңгерген. Қазір өзінің өнерін қызы жалғастырып келеді. Тоқып отырған өрмегіне шамамен 15 күн жұмсалатынын айтады.

-Мен өрмектен басқа, текемет, алаша тоқимын. Жіптерді өзіміз иіріп, бояймыз. Оған да аз тер төгілмейді. Ертеде осындай өрмек, текемет, алаша, кілемдерді қыз ұзатылғанда жасап беріп отырған ғой. Мен өзім қолдан жасалған алашалармен ұзатылдым. Басқа ештеңе берілмейтін. Ал қазір бүкіл ыдыс-аяғына дейін береді, - дейді Д.Сапарова.– Аудандағы мектеп директоры шеберлер клубын ашпақшы болып, мені соған жетекші етуге шақырған. Онымен менің інім де қолөнерші. Қамшы өреді. Ал қазір қайыс таба алмай жүр. Мен де оған қайыс іздеп жүрмін. Ол ісін қайта бастаса, оны да клубқа мүше етіп алайын деймін. Себебі біздің артымызда із қалуы керек қой. Үйірме ашылса, бірі болмаса бірі үйреніп алуға құштарлық танытары сөзсіз ғой.

Мен Дария апайға көршілес тұрған киіз үй жанында қамшы өрумен айналысып келе жатқан исатайлық қарт Есполай Қуатовтан қайыстың жәйін сұрап көруіне кеңес бердім. Ол өз орнынан тез тұрып, сол жаққа қарай баруға дайындалып жатты...

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

30 тамыз 2012, 00:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.