Атырау, 27 желтоқсан 09:38
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Ит үреді – керуен... жойылып барады

4 727 просмотра

Таскешуде табылған көне заттарАтырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Таскешу керуен сарайы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Мұражайдың жаңа директоры Серік МҰХАМБЕТОВ өз сөзінде археологиялық қазба жүргізу жұмыстарының Атырауда өзге өңірлермен салыстырғанда кенжелеп қалғанын айтып өтті. Ал баспасөз конференциясының тақырыбына айналған Таскешу керуен сарайы соған мысал болып отыр. Ол Қызылқоға ауданына қарасты Кенбай ауылынан оңтүстік-шығысқа 12 шақырым жерде, көлемі төрт бұрышты, алаңы 40х40 метрді құрайды. Дәл осы жерде Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының реставрация бөлімінің меңгерушісі Сейілхан МИРАШ (суретте) айтып өткендей, ертеректе, қазіргі тілмен айтқанда, керуеншілерге арналған қонақ үй кешені болған. Қазір бұл керуен сарайын қорғамаса, консервация жасап, бетін арнайы әйнекпен жаппаса, бұл тарихи құнды ескерткіш шамамен ондаған жылдан кейін жер бетінен жойылып кететінін айтты.

Ал геологиялық қазба жұмысына келсек, бүгінгі күні бұл сарайдың топырақтан 40 пайызы ғана ашылған.

Мұражайдың ғылыми қызметкері Марат ҚАСЕНОВ облысымызда әлі зерттелмеген 13 керуен сарайы бар екенін айтты. Оның айтуынша, өзге өңірлерде тарихи ескерткіштер туралы қалың кітаптар шығарылып жатыр, ал бізде...

Қысқасы, соңғы кездері кейбір жағымды өзгерістер байқалады. Мұражайдың археологиялық ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Қанат ҚҰДАБАЙДЫҢ айтуынша, биылғы жылы 4-23 мамыр және 28 мамыр-16 маусым аралығында Атырау облысының аумағында орналасқан тарихи нысандарға тарихи-мәдени сараптама жасалған. Осы екі экспедиция барысында жалпы 605 көне ескерткіштер (қорғандар, археологиялық тұрақтар, қалашықтар, қорымдар, құлпытастар, сағанатамдар, архитектуралық және мемориалдық ескерткіштер т.б.) тексерілген.

Олардың басым бөлігі – жөндеуді және реставрацияны қажет етеді. 

Жағымды жаңалық - осындай экспедиция кезінде Индер ауданына қарасты аймақтан Тұздыбұлақ үңгірі және Кетебай қорғандар тобы табылды. Археологтарды осы тарихи жерлерді зерттеу жұмысы күтіп тұр.  

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

12 қыркүйек 2012, 23:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.