29-30 қараша күндері Астрахань қаласында халықаралық «Этностиль» және «Астрахань многонациональная» фестивальдері өтті.
Фестивальді РФ мәдениет министрлігі, Астрахань облыстық мәдениет басқармасы және облыстық әдістемелік халық мәдениет орталығы ұйымдастырды. Онда Калмыкия, Татарстан, Әзірбайжан, Ресей, т.б. елдерден 14 шығармашылық ұжым қатысты. Біздің елімізді таныстырған Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығының «Ақ ерке - Жайық» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблі (жетекшісі – Жанаргүл ТӘЖІҒАЛИЕВА) екі фестивальге де қатысып, «Этностиль» ұлттық киімдер фестивалінде бас жүлдені иеленді. Қазылар алқасы олардың сәнділігі мен ансамбльдің киім үлгілерінің теңдессіз ұлттық бояуын ерекше атап өтті.
Айнұр САПАРОВА