Атырау, 26 қараша 05:09
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Кастингке шақыру

3 427 просмотра

«Айнұр» фотостудиясың операторы Қарасай КҮНЖАРЫҚОВ және оның Қазақстанда алты жылдан астам уақыт тұрып келе жатқан молдавиялық әріптесі Раду ДРАГАН экшн жанрындағы толықметражды көркем фильм түсіруге дайындалуда.

Соған байланысты кастинг басталып та кетті, ол тамыз айына дейін созылады. Өзінің шығармашылық қабілетін сынаймын дегенжандардың жас ерекшелігі 25-тен 45-ке дейін болуы тиіс. Сценарий бойынша барлық оқиға Атырау қаласында өтеді.

- Біз Қарасай екеуміз Бейбіт ҚОРҒАННЫҢ «Соқ, соқ» әніне, Әлібек ТЕМІРХАНОВТЫҢ «Ата-ана парызы» әніне және тағы да басқа орындаушылардың әндеріне бейнеклиптер түсірдік. Ал фильмді бірінші рет түсіргелі отырмыз. Заманауи монтаждау технологияларынан хабарымыз аз емес. Кино түсірген соң, сапалы дүние шығаруды көздейміз, -дейді Р.Драган.

Айта кетейік, Р. Драган да, К. Күнжарықов та мамандығы бойынша – суретші.  

-Мен бұл фильмнің продюсері ретінде қатысамын, - дейдіҚ.Күнжарықов.- Кастингке үлкен мән беріп отырмыз. Фильмге түсуге тілек білдірген үміткерлер өздерімен бірге суреттерін алып келу керек және біз олармен бетпе-бет сөйлесіп, танысамыз.

Айнұр САПАРОВА

30 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.