Атырау, 25 қараша 11:22
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Сезім» оқырманға жол тартты

4 259 просмотра

3 желтоқсан күні Ғ.Сланов атындағы облыстық кітапханада Атыраудың жас қаламгерлерінің «Сезім» атты жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Кітап облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысымен жарық көрген. Таралымы 150 дана, 180 беттен тұрады. Құрастырған - «Алтын топшы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Артур ЯХУДА. Оның айтуынша, кітапқа 15 жас қаламгердің шығармалары енген. Бұл жас қаламгерлердің араға 10 жыл салып жарық көріп отырған екінші жинағы. Алғашқы жинақ «Армантау» деп аталып, оған 20 шақты жас ақынның өлең-жырлары енгізілген болатын.

- Жинаққа енгізілген жас қаламгерлердің шығармалары бұрын еш жерде жарияланбаған. Менің мақсатым – шығармашыл жастардың басын қосу, - дейді Артур.

Былтыр құрылған «Алтын топшы» қоғамдық бірлестік жақында белгілі ақын Бақытгүл БАБАШТЫҢ шығармашылық кешін ұйымдастыруға мұрындық болған. Алдағы уақытта жастарға арналған жаңа кітаптардың электрондық нұсқасын әзірлеуге кіріспек.

Айнұр САПАРОВА

5 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.