«Tengrі Art» қазіргі заманғы өнер галереясында «Мен Қазақстанды мақтан етемін» («Я прославляю Казахстан») атты балалар көркемсурет байқауы өтті.
Оған 30 бала қатысты. Туған елі мен жері туралы шығармашылық толғаныспен бейнелеу әлеміне бойлаған олар өз қиялдарын іске қосуға тырысты. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар №1 Сабыр Қазыбаев атындағы интернаттың тәрбиеленушілеріне (1-орын – Лиза САФРОНОВАҒА, 2-орын – Лиза ГУБЕРТКЕ, 3-орын - Юлия ЛЮБЕЗНОВАҒА) бұйырды.
Айнұр САПАРОВА