Атырау, 11 қазан 06:41
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Біздің трио үшінші орында

2 477 просмотра

Жуырда Италияның Ланчано қаласында өткен XXII Concorso Internazionale «Citta di Lanciano» 2012 халықаралық байқауда атыраулық музыканттардан құралған «Қазақстан» ансамблі 3-ші орынды иеленіп, лауреат атанып келді.

Бұл жеңістің ерекшелігі сол, қазылар алқасы бұл байқауда азиат өкілдерінің жүлделі орынға шығып отырғандары алғашқы жағдай деп баға берді. Байқауға қатысуға Укрина, Ресей, Беларусь, Литва, Латвия, Эстония, Чехия, Польша, Молдавия және т.б. елдердің оркестр, ансамбль ұжымдары, сондай-ақ, дуэттерден октеттерге дейін келді.

Ал Қазақстаннан да бірнеше ұжым барған болатын. Олардың арасында Атыраудан барған Мұхаддас Ғабдиев, Арыстанбек Ғабдиев, Бибифатима Азиева үштік болып топ құрып, «Қазақстан» деген атаумен өз репертуарларындағы шетелдік және ұлттық классика өнерін тарту етіп, қалың тыңдарманды тәнті етті.

Айта кету керек, олар атақты күйші Рыспай ҒАБДИЕВТІҢ ұрпақтары. Мұхаддас пен Арыстанбек Рыспай ағаның ұлдары болса, Бибифатима - жиен немересі.

Айнұр САПАРОВА

17 қазан 2012, 23:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.