Атырау, 25 желтоқсан 04:16
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Басқа жаңалықтар

Қытайлық қазақтар топ жарды Басқа жаңалықтар

Қытайлық қазақтар топ жарды

13 қазанда Атырауда жеңіл атлетика маусымының жабылуына байланысты «Yellow Race» кросы ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты 3 түрлі санатқа бөлінді: 8-11 жас аралығындағы балалар үшін 500  метр, 12-15 жастағылар үшін 700, ал ересектер үшін Сұлтан Бейбарыс алаңынан басталып Жеңіс саябағына дейінгі 4,5 шақырым қашықтыққа созылды. Сурет Бейнежазба 15 қазан 2018, 15:35 2 580 рет қаралды
Жылтыр көше артындағы жыртық үй Басқа жаңалықтар

Жылтыр көше артындағы жыртық үй

Атырау, әрине, жыл сайын гүлденуде, бірақ орталық көшелердегі жылтыр үйлердің артында әбден тозығы жеткен ескі тамдар көп. Ал 2014 жылы облыстық мәслихат депутаттары 2014-2020 жылдарға арналған Атырау қаласындағы жатақханаларды, апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу  бағдарламасын бекіткен еді. Тізім жасалды. Бірақ жоспар бір басқа, ақиқат бір басқа: бағдарламаға жеткілікті деңгейде қаржылай қолдау көрсетілмегенге ұқсайды. Сурет Бейнежазба 13 қазан 2018, 20:47 4 563 рет қаралды
Түтіні түзеу шыққан ауыл Басқа жаңалықтар

Түтіні түзеу шыққан ауыл

Совет үкіметі кезінде Қызылқоға ауданындағы Соркөл елді мекені ферма орталығы болған, алайда қазір көп нәрселер өзгерді.  «АЖ» тілшісі Мұқырдан 80 шақырым шалғайда жатқан 70-ке жуық тұрғыны бар осы ауылдың жай-күйімен танысып көрді. Сурет Бейнежазба 10 қазан 2018, 14:20 7 399 рет қаралды
Көршінің жері көкорай Басқа жаңалықтар

Көршінің жері көкорай

Биылғы күннің ыстық, жауынның аз болуы өсімдік атаулының жаз ортасына жетпей-ақ күйіп кетуіне себеп болды. Бұл шаруаларға көп қиыншылық тудырды. «АЖ» тілшісі осы орайда аудандарда пішен дайындау, қыстақтардың қысқы дайындығы барысын зерделеді. 8 қазан 2018, 15:25 4 154 рет қаралды
"Ұстазыма ғашық болғанмын" Басқа жаңалықтар

"Ұстазыма ғашық болғанмын"

Жылда қазан айында болатын Ұстаздар күні - алған білімі мен тәрбиесіне риза болатын бүкіл ұрпақтың мерекесі. Әрқайсымыздың жадымызда мектеп қабырғасындағы сәттер мен ұстаздарымыз туралы естеліктер сақталып қалған. Осы естеліктерімен «AЖ» оқырмандары да бөліскен еді. 5 қазан 2018, 14:58 4 719 рет қаралды
Махаббат, қызық мол жылдар... Басқа жаңалықтар

Махаббат, қызық мол жылдар...

Жуырда ұлттық арна арқылы көпшілікке жол тартқан «Жаным менің» телехикаясы көрерменнің көзайымына айналып, әлеуметтік желілерде кең талқылауға ие болды. Сериалға өткен ғасырдың 80-жылдарындағы ҚазГУ-дің журналистика факультеті студенттерінің түрлі оқиғаларға толы студенттік кездері, махаббатқа толы жастық шақтары, шынайы өмірі негіз болған. Прототиптерінің бірі - фильмде әндері орындалған, жерлесіміз, бард ақын Табылды ДОСЫМОВ. Жақында Атырауға фильм сценариінің авторы Арман СҚАБЫЛҰЛЫ келіп, «АЖ» тілшісі әңгімелесті.  Сурет Бейнежазба 3 қазан 2018, 11:30 12 156 рет қаралды
Әлди, әлди, ақ бөпем Басқа жаңалықтар

Әлди, әлди, ақ бөпем

21 қыркүйекте Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында бесік жырын орындаушы әжелер байқауы болып, оған Атырау мен ауылдық округтерден 14 әже қатысты. Алғашқы кезеңде қатысушылар отбасы, шыққан тегі туралы таныстырса, келесі кезеңде алдын ала суырған билетте түскен тақырыптар бойынша қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпынан көрініс көрсетті. Негізгі бөлімде әжелер бесік жырын орындады. Сурет Бейнежазба 26 қыркүйек 2018, 16:18 7 301 рет қаралды
Жеделсатылар қауіпсіз бе? Басқа жаңалықтар

Жеделсатылар қауіпсіз бе?

16 қыркүйекте Алмагүл ықшамауданындағы №23 үйдің үшінші қабатынан лифт құлап, ішінде болған әйел мен бала жарақат алды. Биылғы мамырда осы ықшам ауданда №19 үйдегі жұмыс істемейтін жүк лифтісінің шахтасында екі жасөспірімнің мерт болғаны көпшіліктің есінде шығар. Ал одан бұрын 2013 жылы сол Алмагүлдегі №23 үйде тұрып қалған лифтіден шығуға әрекеттенген 24 жастағы қыз көз жұмды. «АЖ» тілшісі осы кабинамен көтеріліп-түсу адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тұрғын үй массивіне барған еді. Сурет Бейнежазба 24 қыркүйек 2018, 12:42 2 936 рет қаралды
Атырауда Көші-қон қызметтері орталығы ашылды Басқа жаңалықтар

Атырауда Көші-қон қызметтері орталығы ашылды

Бүгін, 24 қыркүйекте, Атырауда Көші-қон қызметтері орталығы ашылды, бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан кейінгі еліміздегі төртінші орталық. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастығы Тоқтамыс ЖҰМАҒҰЛОВ пен ІІД бастығының орынбасары Берік АМАНГЕЛДІ салтанатты рәсімде қызыл лентаны қиды. Бәрінен бұрын бұл жерге жасыл паспорттарын қолдарына ұстаған өзбек ағайындар келді. Сурет 24 қыркүйек 2018, 17:04 3 889 рет қаралды
Қыстан қалай шығамыз? Басқа жаңалықтар

Қыстан қалай шығамыз?

17 қыркүйекте мұнай астанасының Балықшы ықшамауданы А.Байжігітов көшесінің бойындағы 8 пәтерлік №76 үйдің тұрғындары қысқа дайындық жөніндегі қалалық штаб отырысына келіп, өздері үшін жаңа баспана талап етті. Бейнежазба 18 қыркүйек 2018, 14:53 2 091 рет қаралды
Сақтандыру науқаны Басқа жаңалықтар

Сақтандыру науқаны

Атырау облысында «Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры» есебіне 6 млрд 128 млн теңге, оның ішінде жеке кәсіпкерлерден - 293 млн, жұмыс берушілерден - 5 млрд 835 млн теңге жарна аударылды. Бұған қоса, 15 қыркүйекте бүкіл республика бойынша тұрғындарды емханаларға тіркеу науқаны басталды. Аяқталу уақыты – 15 қараша. Бұл туралы брифингте денсаулық сақтау басқармасының өкілі Аманжол САҒЫНҒАЛИЕВ хабарлады. 18 қыркүйек 2018, 16:57 2 167 рет қаралды
Тежеусіз жеделсаты Басқа жаңалықтар

Тежеусіз жеделсаты

16 қыркүйекте сағат 23.00 шамасында Атырауда Алмагүл ықшамауданындағы №23 үйдің үшінші қабатынан лифт құлады. Лифт ішіндегі 24 жастағы әйел мен 6 жасар бала түрлі жарақат алған. Олар облыстық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. 17 қыркүйек 2018, 11:40 2 461 рет қаралды
Газ жіберу аймағы Басқа жаңалықтар

Газ жіберу аймағы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау филиалы 2017 жылы 98 млн теңгеге инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырды. Бұл туралы филиал директорының орынбасары Серік ҚЫДЫРОВ облыстық монополияға қарсы департаменттің өзі жетекшілік ететін кәсіпорындарға ұйымдастырған кезекті баспасөз туры барысында хабарлады. 12 қыркүйек 2018, 11:41 3 118 рет қаралды
Оқу «айқасы» алдындағы мектеп Басқа жаңалықтар

Оқу «айқасы» алдындағы мектеп

1 қыркүйек қарсаңында «АЖ» тілшісі Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВПЕН кездесіп, бүлдіршіндер мен болашақ түлектер ата-аналарын толғандырып жүрген көптеген мәселелер туралы сұхбаттасты. 29 тамыз 2018, 00:00 4 404 рет қаралды
Өзен арналары тазаланады Басқа жаңалықтар

Өзен арналары тазаланады

- Жайық және Қиғаш өзендерін тереңдету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, - деп Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ жақында өңірімізге келген президент алдында есеп берді. «АЖ» оқырмандарының есінде шығар, бұл жұмыстар сонау 2013 жылы сол кездегі өңір басшысының тұсында басталады деп жоспарланған еді. Қазір жұмыстар қандай кезеңде?     29 тамыз 2018, 11:45 3 895 рет қаралды
Бюджет ағымдары Басқа жаңалықтар

Бюджет ағымдары

27 тамызда Атырау облысы мәслихатының кезектен тыс 24-ші сессиясы өтті. Бірінші болып өңір басшысы Нұрлан Ноғаев баяндама жасауы керек болатын, алайда әкім қалада болмағандықтан, оның сөйлеуін келесі сессияға қалдырды. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Айдар Нуралиев қазір жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің болжамы 267,2 млрд теңгені құрайтынын хабарлады. 28 тамыз 2018, 11:05 2 761 рет қаралды
 Кох таяқшасы күшейіп тұр Басқа жаңалықтар

Кох таяқшасы күшейіп тұр

24 тамызда облыстық туберкулезге қарсы диспансерде осы қауіпті жұқпалы аурумен күрес айлығын өткізу бойынша штаб отырысы өтті. Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті басшысының орынбасары Ерболат УАИСОВТЫҢ хабарлауынша, 2018 жылдың 7 айы бойынша туберкулезбен аурушаңдық өңірімізде 13,7 пайызға өскен. 25 тамыз 2018, 22:18 4 426 рет қаралды
Назарбаев Атырауда: Астрахан мен Ақтөбе арасына жол салынады Басқа жаңалықтар

Назарбаев Атырауда: Астрахан мен Ақтөбе арасына жол салынады

23 тамыздағы Атырау облысына сапары барысында Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Карат» ЖШС-нің «Дәулет» индустриалды аймағына (нан және макарон өнімдері, консервілер және т.б.), «Жігермұнайсервис ЖШС зауытына (конструкцияларды роботпен дәнекерлеу жаңалығын енгізген), «Ембімұнайгаз» АҚ кеңсесіне («ақылды» кен орнының таныстырылымы) және жаңа Студенттер үйіне («ҚазТрансОйлдың университетке тартуы) бас сұғып, кейін үлкен жиын өткізді. Сурет Бейнежазба 24 тамыз 2018, 10:11 5 927 рет қаралды
Тамыз педсоветі Басқа жаңалықтар

Тамыз педсоветі

23 тамызда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Атырау педагогтарының дәстүрлі конференциясы өтті. Іс-шара президенттің жұмыс сапарымен сәйкес келгендіктен, көптеген шенеуніктер мұнда қатыса алмады, ал облыстық білім басқармасының басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВ жиын соңында әріптестеріне өңір бойынша білім саласындағы жалпы ахуал туралы айтып берді.   Сурет Бейнежазба 24 тамыз 2018, 19:49 3 531 рет қаралды
Бұдан да жақсы шамдар бар Басқа жаңалықтар

Бұдан да жақсы шамдар бар

Атырау қаласының әкімдігі «Атырау Innovations» ЖШС-мен бірлесе отырып журналистерге жергілікті билік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) бағдарламасы аясында жүзеге асыруды жоспарлаған жиырмадан астам жобаны таныстырды. Бұл тізімде 8 мектеп, 20 балабақша, 1000 орынға арналған жеңіл атлетика кешені, өзен вокзалы, заманауи қалдық полигоны құрылысы мен қала көшелерін жарықтандыру бар. 20 тамыз 2018, 10:20 3 394 рет қаралды
Өмірің өз қолыңда Басқа жаңалықтар

Өмірің өз қолыңда

Жас болса да, еті тірі Лиза САФРОНОВАДАЙ қызбен әңгімелескенде бұл өмірде барлығы өз қолыңда екенін ұғасың. Осы қазақша еркін сөйлейтін балалар үйінің тәрбиеленушісі туралы біздің жарияланымдарымызда бірнеше рет шыққан еді. Интернат қабырғасында түрлі олимпиадалардың жүлдегері болған ол қазір Астрахан мемлекеттік университетінде журналистика факультетінде оқиды. «АЖ» тілшісі Лизамен Атырауда каникул кезінде әңгімелесті.   Бейнежазба 20 тамыз 2018, 12:37 4 455 рет қаралды
"Cағыз арнайы жасақ келгенде ғана тыныштанады" Басқа жаңалықтар

"Cағыз арнайы жасақ келгенде ғана тыныштанады"

25 шілдеде Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында ауыл жастарының топ болып төбелесуі салдарынан бір адам қаза болып, бірнешеуі жараланған еді. Бұл ауылдағы жалғыз қылмыстық іс емес сияқты, редакциямызға хабарласқан ауыл тұрғындары осындай жікке бөлініп төбелесу ауылда жиі болып тұратынын айтты. «АЖ» тілшісі алыс ауылдағы осы ахуалды біліп қайтты.    Бейнежазба 20 тамыз 2018, 14:27 8 232 рет қаралды
Екпе салдырғысы келмеген ата-аналарға не шара бар? Басқа жаңалықтар

Екпе салдырғысы келмеген ата-аналарға не шара бар?

Атырау облысында 276 бала мектепке екпесіз барады - ата-аналар түрлі себептермен екпе салдырудан бас тартты. Бірінші сынып оқушыларының барлығына  туберкулез диагностикасы үшін Манту сынамасы жасалады. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ брифингте мәлімдеді. 17 тамыз 2018, 19:35 2 545 рет қаралды
Қашағандағы ғажайып балық Басқа жаңалықтар

Қашағандағы ғажайып балық

Әлеуметтік желілерде Каспий теңізінен мұнай өндіретін компания қызметкерлерінің қолдарына теңіз скатына ұқсас өзгеше балықты ұстап тұрған суреттері қызу талқыға салынуда. Бірақ Каспий теңізінде скат тіршілік етпейді ғой. 15 тамыз 2018, 18:57 6 213 рет қаралды
Жылу беру маусымында ЖЭО-ға Балықшы толықтай, Нұрсая ішінара қосылады Басқа жаңалықтар

Жылу беру маусымында ЖЭО-ға Балықшы толықтай, Нұрсая ішінара қосылады

«АЖ» Атырау әкімдігіне мәжілістерде әлденеше рет талқыланған Балықшы поселкесін 2018 жылы «Атырау ЖЭО» АҚ жылу жүйесіне қосу жобасы туралы, сонымен қатар, жылу электр орталығын Нұрсая ықшамауданына қосу тақырыбын да қозғап, сауал жолдаған еді. Әкімдіктің баспасөз хатшысы Әлия ЖӘМИТОВА төмендегіше жауап берді. 10 тамыз 2018, 17:08 2 803 рет қаралды