Атырау, 25 қараша 20:49
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кох таяқшасы күшейіп тұр

4 033 просмотра


24 тамызда облыстық туберкулезге қарсы диспансерде осы қауіпті жұқпалы аурумен күрес айлығын өткізу бойынша штаб отырысы өтті. Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті басшысының орынбасары Ерболат УАИСОВТЫҢ хабарлауынша, 2018 жылдың 7 айы бойынша туберкулезбен аурушаңдық өңірімізде 13,7 пайызға өскен.

Хабарламаның алаңдататын жайы бар: статистика балалар (науқастанғандар 20 пайызға көбейген) мен жасөспірімдер (35пайызға) есебінен жоғарылаған. Ал 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 40,3-тен 46,7-ге артқан.

Сөйлегендердің бірінің баяндамасында Атырау қаласы мен Жылыой ауданында екі ұл баланың туберкулездің асқынған түрімен ауыратындығы туралы ақпарат айтылып қалды. Сəл кейін біз аталған департаменттің басшысы Темірбек МҰСАҒАЛИЕВТЕН осы жағдайларға қатысты комментарий беруін сұрадық, алайда облыстың бас санитарлық дəрігері əзірге егжей-тегжейін айта алмайтынын, фактілер бойынша тексеру жүріп жатқанын айтты.

Бұл арада ауруға шалдығу себебі кей жағдайларда ата-аналардың БЦЖ екпелерінен бас тартуымен байланысты болу мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмас (2016 жылы 408, 2017 жылы 469, 2018 жылдың жартысында 238 ата-ана бас тартқан). Осы жарты жыл ішінде 293 жағдайда ата-аналар тіпті тері астына диагностикалық Манту сынамасын да салуға рұқсат бермеген.

Соңында Мұсағалиев Атырау қаласының, Индер жəне Құрманғазы аудандарының емханаларында туберкулезді анықтайтын «Диаскинтест» препаратының жетіспейтіндігін хабарлап, əріптестерін айлыққа белсенді қатысуға шақырды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 тамыз 2018, 22:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.