Атырау, 25 қараша 17:24
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көктен жеткен сәлемдеме

2 466 просмотра

Алтын САДЫҚОВА

«Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Алтын САДЫҚОВА брифингте дронның ұшу ерекшеліктері, жұмысқа ерте кірісетін пошташылар және велосипедпен жүру артықшылықтары туралы айтты.

Оның айтуынша, өңірімізде пошташылар жазылушыларға 58 мың данадай түрлі баспа басылымдарын жеткізеді екен. Ал «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында аудандарға поштаны дрондармен жеткізу жоспарлануда:

- Бұл келесі жылы жасалады. Дрондар 4 келіге дейінгі жүкпен 140 километрге әрлі-берлі ұша алады, жұмыс биіктігі 200 метр, межелі жерге келгенде, ол төмендеп, сәлемдемені 20 метр биіктіктен түсіреді. Дронды жылы маусымда қолданамыз, олар алдымен Құрманғазы ауданының Балқұдық пен Сүйіндік ауылдарына барады.

Садықова көптеген почташылардың енді жұмыс кезінде велосипедтер пайдаланып жүргенін хабарлады, бұл жеткізілімді айтарлықтай жылдамдатады:

- Биыл елуін сатып алдық, қазір облыста 140 велосипед бар.

Бұдан басқа, пошташыларға арнайы қосымша орнатылған ұялы телефондар берілген, ол арқылы жеткізілім бақыланып отырады.

- Көбінесе клиенттер үйлерінде болмайды. Осы мәселені шешу үшін биылғы жылдың мамыр айынан бастап жаңа жұмыс режимін енгіздік – пошташылар таңғы сағат 7-8-ден бастап мекенжайларды аралайды, - деді Садықова. - Ал қарашадан бастап икемді кесте жасаймыз, пошта жеткізу демалыс күндері де жұмыс істейді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

10 қазан 2018, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.