4 қыркүйекте Атырау ЖЭО және жылу жүйелері кәсіпорнының басшылары журналистерге 2017 жылы жүргізілген инвестициялық бағдарламалар туралы айтты.
«АЖЭО» АҚ президентінің м.а. Мақсат ӘЛЕНОВТЫҢ айтуынша, былтыр 72 млн теңге отын үнемдеуге мүмкіндік беретін жылумен қамту қондырғысының монтажына жұмсалған. Электр қозғалтқыштар мен насостар сатып алынып, қондырылған, мазут және тағы басқаларға арналған төртінші резервуар салынды.
Шілдеде орын алған облыстың электр желісіндегі кернеу жетіспеушілігі туралы сұраққа жауап бере отырып, Әленов «АЖ»-да жарияланған ақпаратты қайталады.
ЖЭО-ның пайдалану бойынша вице-президенті Борис РАМАЗАНОВ электр желісіндегі жоғары кернеудің күтілгеннен 3 есе жоғары болатынын алдын ала болжай алмағандарын атап өтті:
- Сондықтан келесі жазда үлкен турбиналарды жөндеуге тоқтатпай, шағындарын жөндейміз деп жоспарлап отырмыз, осылайша резервте кемінде 25 мегаватт болады.
Құрылысы туралы соңғы жылдары бірнеше рет айтып-жазылған газтурбиналық станцияның не себепті дағдарыс кезінде қосылмағаны туралы сұраққа жауап берген Әленов бұл станцияның пайдалануға беру мерзімі 2019 жылға жоспарланғанын айтты. Инвестициялық бағдарламалар аясында 2018 жылы қуаты 60 мегаватт болатын газтурбиналық және бутурбиналық станциялардың құрылыс жұмыстары жоспарланған.
Әрі қарай «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ 2017 жылы 673 млн теңгеге орындалған инвестициялық бағдарламалар туралы айтты. Жаңа магистралды желілер салынып, жылу бекеттерінде үнемдегіш насостар мен электр қозғалтқыштар орнатылып, электрмен қамту және басқа да ж.йелері жаңартылған.
Шамшатов жылу энергиясын тасымалдау бойынша тарифтерді көтеру ниетін хабалады.
- Қала күн санап өсіп барады. ЖЭО тұтынушылары картасында жаңа нүктелер пайда болды – Береке, Балықшы, Нұрсая ықшамаудандары. Бұл жылумен қамтудың сенмділігі туралы ойға әкеледі. ЖЭО-ның қуаты артығымен жетеді. Алайда сол жағалаудан оң жағалауға орталық көпірдің тіреулері арқылы тек 2 тұрба өтеді. Басқа көпірлер мұндай жүктемеге есептелмеген. Бірнеше жылдан кейін бұл өзекті мәселеге айналады. Біз 2030 жылға дейінгі жылу желілерінің перспективалы даму жоспарын жасадық. Сондықтан 2020 жылы табиғи монополияларды реттеу бойынша департаментке жаңа инвестициялық бағдарламамен шығамыз.
Бүгінде Атыраудың магистралды және кварталды жылу жүйелері қысқа 92 пайызға дайын, қыркүйектің соңында жүйе жылу беруге толығымен дайын болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ