Атырау, 25 қараша 19:40
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қор нарығында доллар бағасы арзандап жатыр

61 просмотра
Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,08 теңгеге төмендеп, 498,51 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 25 қарашадағы ресми бағамы долларға 498,34 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 499,48 теңгені, сатылымы 501,36 теңгені құрап отыр.

Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 497,01 теңгеден сатып алынып, 501,98 теңгеден сатылуда.

Бүгін, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.