Атырау, 19 қыркүйек 06:42
 дождьВ Атырау +15
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

Қыркүйекте Атырауда ауа көп ластанған

2 516 рет қаралды


Биылғы қыркүйекте ауаның ластану деңгейі бойынша Атырау Қазақстанда екінші орын алды. Қарағанды облысының Балқаш қаласының жағдайы бізден де нашар екен.

«Қазгидромет» РМК-нің ай сайынғы есебінде хабарланғандай, қыркүйек айында мұнайлы астанада ауаның күкіртсутекпен «жоғары ластанған» 171 жағдайы мен «экстремалды жоғары ластанған» 29 жағдайы тіркелген. Экстремалды көлемде ластануды аспаптар 3, 4, 6, 7, 8 және 10 қыркүйекте (51-ден 68 есеге дейін ШРК асу), 18, 26 қыркүйекте (52-ден 82 ШРК-ге дейін) және 29 қыркүйекте (113 ШРК) тіркеген.

Негізінен Атырау МӨЗ-і мен ЖЭО аралығында орналасқан бір №104 «ВестОйл» станциясы ғана дабыл қаққан. Жел бағыты экологтарға газ шабуылының көзі Сасықсай булану алаңы жақтан келген деп тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 қазан 2018, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.