16 қыркүйекте сағат 23.00 шамасында Атырауда Алмагүл ықшамауданындағы №23 үйдің үшінші қабатында лифт құлады. Лифт ішіндегі 24 жастағы әйел мен 6 жасар бала түрлі жарақат алған. Олар облыстық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.
Бұл оқиғаны жергілікті төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте түсіндіргендей, «лифт үшінші қабаттан бірінші қабатқа қарай артық салмақ салдарынан күрт тежелуі орын алған». Осы подъезд тұрғындарының айтуынша, 2013 жылы олардың лифтісі ауыстырылған, бірақ содан кейін ол бірнеше рет бұзылған.
Қазір мұнай астанасындағы 114 үйде 301 лифт бар. Олардың 266-сы жолаушылар және 25-і жүк лифтісі, 19-ы істен шыққан.
Естеріңізге салсақ, 21 мамырда осы ықшамауданда жұмыс істемей тұрған лифтінің шахтасына құлап, екі жасөспірім қаза тапқан болатын. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда.
Фархат ӘБІЛОВ