Атырау, 25 қараша 19:53
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оқиғалар тізбегі

Бейнежазба
4 201 просмотра


12 қыркүйекте Исатай ауданының орталығы Аққыстау аулында темір жол өткелінде «КамАЗ» 68 вагоннан тұратын жүк пойызымен соқтығысқан. Автокөлік аударылып, оның 49 жастағы жүргізушісі түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді. Атырау облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл учаскедегі пойыздар қозғалысы тоқтатылмаған.



***

Атыраудың 65 жастағы тұрғынының көп қабатты үйдің ауласына қоқыс лақтырғалы жатқанын байқап қалған көршісі оны суретке түсіріп алмақшы болады. Алайда ол бейәдеп сөздермен балағаттай бастайды. Сот егде әйелді балағаттағаны үшін кінәлі деп танып, 48 100 теңге көлемінде айыппұл салды.

***

Үйдегі ұрыс барысында жас келін енесінің басынан ұрып қалып, оған физикалық залал келтірген. Алайда сотта олар татуласып, іс тоқтатылды.

***

7 қыркүйекте облыс орталығындағы Нұрсая ықшамауданында үш баланың пәтерде кілттеніп қалғаны туралы хабар түсті. Құтқарушылар есікті бұзып, психолог балаларды тыныштандырды. Сол күні құтқарушылар тағы бір ананығ Балықшыдағы үйде кілтте қалған 8 жасар қыз бен 2 жасар ұлын да құтқарды.

Атырау облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, жыл басынан бері осы тектес жағдайлардан 30 шақты адам құтқарылса, олардың көпшілігі балалар екен.

***

12 қыркүйекте Атыраудағы Гагарин көшесінде ВАЗ-2114 автокөлігі көше жарығының діңгегіне соғылған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

***

Тыйым салынған жерде балық аулаған Жылыой ауданының тұрғыны ұсталды. Сот қаулысымен белсенді демалысты сүйетін азаматқа 48 100 теңге айыппұл тағайындалды.

***

Қызылқоға ауданының Жангелдин аулында МТЗ-80 тракторының мас жүргізушісі үй қоршауын құлатқан. Анықталғандай, оның трактор жүргізуге рұқсат беретін куәлігі болмаған. Сот қаулысымен ол 20 тәулікке қамалды.

***

Қызылқоға ауданының Сағыз аулының мас тұрғыны «SHACMAN» маркалы жүк көлігінің алдыңғы терезесін сындырып, жүргізушісін балағаттаған. Бұзақыға қатысты ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша («Бұзақылық, бөтеннiң мүлкiн бүлдiру») қылмыстық іс қозғалды. 

Фархат ӘБІЛОВ

13 қыркүйек 2018, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.