Атырау, 27 сәуір 04:31
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қашағандағы ғажайып балық

5 400 просмотра


Әлеуметтік желілерде Каспий теңізінен мұнай өндіретін компания қызметкерлерінің қолдарына теңіз скатына ұқсас өзгеше балықты ұстап тұрған суреттері қызу талқыға салынуда. Бірақ Каспий теңізінде скат тіршілік етпейді ғой.

Осы сұрақпен «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» АҚ Атырау филиалының директоры Ерболат ҚАДИМОВҚА хабарластық. Ғалым:

- Каспий теңізінде балықтың бұл түрі мекендеу үшін ешқандай жағдай жоқ, скаттың ол жерде болуы мүмкін емес, - деп кесіп айтты.

Ал суретті мұқият қарап шыққан соң:

- Мұның фейк екені көрініп тұр ғой. Мындағы суреттердің бірінде адам «скатты» қолына жеп-жеңіл етіп ұстап тұр, бірақ олай болуы мүмкін емес, біріншіден – ол ауыр балық, екіншіден өте жылтыр, сусылдақ.

Анастасия АЛЮШИНА

Сурет әлеуметтік желілерден алынды

15 тамыз 2018, 18:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.