Атырау, 23 қараша 00:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Денсаулық вагоны

Сурет
2 207 просмотра

5 қыркүйектен бастап атыраулық дәрігерлер көрші Маңғыстау облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы ТЖ бойынша Комитетпен бірлесіп «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының аясында жыл сайын «Денсаулық» пойызында алыс аудандардың, станциялар мен бекеттердің тұрғындарына білікті медициналық көмек ұсынады.

Пойыз 9 вагоннан тұрады, оның төртеуі қажетті жабдықтармен қамтылған медициналық вагондар. Жол бойында жұмыс жасайтын топ құрамында 11 дәрігер, 9 медбике мен 3 оператор-бағдарламашы бар. Мамандар - Атыраудағы темір жол ауруханасы және Алматы, Астана қалаларындағы емханалардың бірінші немесе жоғары санатты дәрігерлері.

Қазіргі таңда 667 адам, оның ішінде 283 бала қаралса, науқастарға тиісті ем тағайындалды. «Дөңгелекті емхана» туралы естіген түбек тұрғындары жердің шалғайлығына қарамай дәрігерлерге көрінуге келіп жатыр.

Пойыз жоспарланған маршрут бойынша жүреді, алда Маңғыстау облысының тағы бірнеше станциясында науқастарды қабылдайды. Ал 26 қыркүйек пен 10 қазан аралығында «Денсаулық» пойызы біздің өңіріміздің темір жолдарына келеді.

Анастасия Алюшина

Суретті ТЖД ұсынды

12 қыркүйек 2018, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.