Атырау, 25 қараша 20:40
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бұдан да жақсы шамдар бар

3 163 просмотра


Атырау қаласының әкімдігі «Атырау Innovations» ЖШС-мен бірлесе отырып журналистерге жергілікті билік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) бағдарламасы аясында жүзеге асыруды жоспарлаған жиырмадан астам жобаны таныстырды. Бұл тізімде 8 мектеп, 20 балабақша, 1000 орынға арналған жеңіл атлетика кешені, өзен вокзалы, заманауи қалдық полигоны құрылысы мен қала көшелерін жарықтандыру бар.

Таныстырылымды жүргізген қала әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ сандарды атамады, алайда МЖӘ қазақстандық орталығының сайтында мұнайлы астананың көшелерін жарықтандыруға 2,3 млрд теңге, «SAFE SMART CITY» (қауіпсіз ақылды қала) жобасына 1 млрд теңге бөлінетіндігі хабарланған. Бүгінде екі әлеуетті әріптес мекеме бар - Safran Identity and Security консорциумы және Securetech Corporation ЖШС, қазір олармен келіссөздер жүргізілуде.

«АЖ» сұрақтары:

-  Бұл жоба аясында балабақшаларды жеке тұлғаларға беру қалай жүзеге асады?

- Кәсіпкер өз қаражатына балабақша салады, қала әкімдігі 7 жыл бойы кеткен шығынды жабады, ал кәсіпкер мемлекеттік тапсырыс шарттары бойынша балабақшаны басқарады; бір балаға бюджеттен 35 мың теңге бөлінеді, тағы 10-12 мыңды ата-аналар төлейді.

- Бұрыннан жарығы бар көшелерді қайта жарықтандырудың қажеттілігі қанша?

- Баймұханов көшесіндегідей жасағымыз келеді – қараңғы кезде ол жер өте әдемі, қала тұрғындары да риза. Дәл сондай жарықтандыру Тайманов, Владимирский және басқа да көшелерге жүргізіледі, барлығы да МЖӘ аясында. Жаңа лед-жарықтандырулар үнемді екенін айта кеткен жөн, 3-4 есе аз төлейтін боламыз.

- Жұлдыз ықшамауданынан бастап Бесікті селосына дейінгі жолды кеңейту жұмыстары қашан басталады?

- Қазір жоба мемлекеттік сараптамада, содан кейін тендер жариялап, құрылысты бастаймыз – бұл келесі жылдың көктеміне қарай. Жұмыстар екі кезеңмен жүреді: бірінші – Жұлдыз ықшамауданынан Талғайраңға дейін, екінші – Талғайраңнан Бесікті селосының жанындағы жаңа МАИ бекетіне дейін.

- Бұл тізімде кәсіпкерлердің мектеп жанындағы спорт алаңдарын салатындығы да көрсетілген. Ол жерде сонда кімдер жаттыға алады?

- Оның еш қиындығы жоқ: сабақ кезінде – оқушылар, ал кешке қарай кәсіпкер оны жалға бере алады. Спортпен айналысуға арналған алаңдардың көбейетіндігі қуантады.

- Сіз әуежай мен вокзал алдындағы автотұрақтар қайта қалпына келтірілетіндігін және олардың ақылы болатынын айттыңыз. Бірақ ол жердегі тұрақтар тегін емес пе?

- Шынын айтқанда, осындай тегін тұрақтарға бюджеттен көп қаражат жұмсалады: отырғызылатын гүлдерден бастап жол белгілеріне дейін. Әрі ол жерде бәрі ескірген, ал инвесторлар бәрін жаңалайды. Ақысы туралы әзірге ештеңе айта алмаймын, бұл сұрақ әріптес-инвестормен шешілетін болады.

- МЖӘ бойынша әлеуетті серіктестер арасында жергілікті фирмалар бар ма?

- Әзірге тек республикалық компаниялар. Өкінішке орай, жергілікті кәсіпкерлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке қызығушылық танытып отырған жоқ.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

Атырауда МЖӘ аясында жүзеге асырылатын жобалар тізімі:
1. 20 балабақшаның құрылысы 
2. 1000 көрерменге арналған жеңіл атлетика манежінің құрылысы
3. 36 мектепке қауіпсіздікті қамтамасыз ету интеллектуалдық жүйесін енгізу
5. Көшелерді жарықтандыру желісінің құрылысы
6. 10 балабақшаны сенімгерлік басқаруға беру (№9, 13, 16, 17, 19, 21, 30, 31, Рауан, Шағала)
7. 8 мектептің құрылысы
8. Мектеп аумағында спорт алаңдарын салу (№14, 15, 23, 28, қалалық лицей)
9. Мектептерде тамақтандыруды ұйымдастырудың халықаралық стандарттарын енгізу (№14, 15, 23, 28, қалалық лицей)
10. Атыраудың барлық мектептерінде энергия үнемдеуді енгізу
11. Әуежай аумағындағы паркинг
12. Темір жол вокзалы аумағындағы паркинг
13. Бағдаршамдар құрылысы және модернизациясы
14. Атырауды көгалдандыру
15. Аялдама кешендерінің құрылысы
16. Оң жағалаудағы канализациялық тазалау қондырғысының құрылысы
17. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы
18. Жолдарға техникалық күтім жасау (жол сызықтары, жол белгілері, т.б.)
19. Электр желілеріне күтім жасау
20. Өзен вокзалының құрылысы
21. «Сарайшық» коммуналдық базарын кейін қайта жаңарту мақсатымен сенімгерлік басқаруға беру
22. «Ретро парк» коммуналдық мүлігін кейін қайта жаңарту мақсатымен сенімгерлік басқаруға беру
23. Атырау көшелеріндегі фото және бейнебақылау

20 тамыз 2018, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.