Тамызда республика бойынша ауаның ластану статистикасын Атырау көтерсе, бұдан жоғары деңгейдегі 2 жағдай Балқашта және 1 жағдай Өскеменде орын алған.
«Қазгидромет» РМК есебінде өткен ай ішінде ауа ластанудың жоғары деңгейлі 81 жағдайы мен экстерамалды-жоғары деңгейлі 10 жағдайы қамтылған. Атырауда ең ірі газ шабуылы 22 тамызда түнгі сағат 2-де болған. Бұл жағдайды ЖЭО мен АМӨЗ арасында орналасқан «Вест Ойл» моинторинг станциясы тіркеген. Аспаптар ауада шекті рұқсат етілген концентрациядан 125 есе асатын күкірсутектің бар екенін көрсетті. Есепте ластанудың ықтимал көздерінің қатарында төгу-құю эстакадасы, АМӨЗ алауы және әр жағдайда дерлік Сасықсай булану алаңы аталған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ