Атырау, 25 қараша 20:52
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Екпе салдырғысы келмеген ата-аналарға не шара бар?

2 425 просмотра


Атырау облысында 276 бала мектепке екпесіз барады - ата-аналар түрлі себептермен екпе салдырудан бас тартты. Бірінші сынып оқушыларының барлығына  туберкулез диагностикасы үшін Манту сынамасы жасалады. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ брифингте мәлімдеді.

«АЖ» сауалдары:

- Осы жазда бақша дақылдарынан улану жағдайлары болды ма?

- Болған жоқ. Бұрын бізге Оңтүстік Қазақстан облысынан қарбыз бен қауын көп әкелінетін. Оларда нитраттар көп болды. Ал қазір базарда өз жерімізде өсірілген көкөністер көп. Бір жақсысы, жергілікті фермерлер біздің зертханалармен келісімшарт жасасты, олардың өнімдері нитраттың бар-жоғына қатысты тексеріледі.

- Мектептер санитарлық критерийлер бойынша жаңа оқу жылына қаншалықты әзір?

- 100 пайызға емес. Кейбір мектептерде асхана немесе медицина кабинеттері әлі жоқ, кейбір асханаларда аспаздар әлі санитарлық кітапша алмаған. Біз бұл ахуалға ықпал ететін боламыз.

- Балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға қатысты қандай шаралар алынды?

- Шаралар алу біздің құзырымызда емес. Әкімдіктерге, мектеп директорлары мен медицина қызметкерлеріне хабардар етілді.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

17 тамыз 2018, 19:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.