Атырау, 25 қараша 22:58
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жылу беру маусымында ЖЭО-ға Балықшы толықтай, Нұрсая ішінара қосылады

2 617 просмотра


«АЖ» Атырау әкімдігіне мәжілістерде әлденеше рет талқыланған Балықшы поселкесін 2018 жылы «Атырау ЖЭО» АҚ жылу жүйесіне қосу жобасы туралы, сонымен қатар, жылу электр орталығын Нұрсая ықшамауданына қосу тақырыбын да қозғап, сауал жолдаған еді. Әкімдіктің баспасөз хатшысы Әлия ЖӘМИТОВА төмендегіше жауап берді.

«2017 жылы республикалық бюджеттен Балықшыдағы жылу жүйелерін қайта жарақтауға қаражат бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жұмыстар 85% орындалды. Кестеге сәйкес 2018-2019 жылғы жылу маусымының басталуына қарай жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Жобалау-сметалық құжаттама бойынша, Балықшы үйлері ЖЭО-ға тәуелді сызба бойынша жылумен және поселкенің бүкіл тарихында тұңғыш рет ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Магистральді жылу трассасын және жылу пунктін салумен «Арал Сервис» ЖШС, кварталішілік жылу трассасын салумен «Гранд Мастер» ЖШС айналысады. 

Нұрсая ықшам ауданының үйлерін жылумен қамту көзі - бүгінгі күні Жерұйық ықшам ауданында орналасқан фин қазандығы болып отыр. Нұрсаяны ЖЭО-на қосу жұмыстары 65% -ға орындалды, мердігер – «Гарант Строй 2008» ЖШС. Алдағы жылу маусымының басында ықшамауданның 29 үйі (ДСҚ ауданында) ЖЭО жүйесіне қосылады». 

ЖЭО-на қосылу қажеттілігінің мәнісі мынада - Балықшы мен Нұрсаядағы үйлер жылытылатын шағын қазандықтарда жылу тасығыш ретінде құбыр суы пайдаланылады, оны ысытқан кезде қақ түзіліп, біртіндеп құбырлардың саңылауларын бітеп, жабдықтардың бұзылуына әкеліп соқтырады. Ал ЖЭО жүйесінде қақ түзбейтін химиялық тазартылған су пайдаланылады. 

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

10 тамыз 2018, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.