Жақында Атырау қаласының жаңадан тағайындалған әкім орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ құрылыс мердігерлерімен және олардың жұмыстарын бақылайтын ведомство өкілдерімен алғашқы және қызу кеңес өткізді. Неліктен әдеттегі іс-шараға кенеттен жергілікті баспасөздің шақырылғаны «ойын барысында» түсінікті болды.
Үш мәселе – жаңа «Береке», «Нұрлы жер» ықшам аудандарындағы ахуал және Балықшы поселкесін жылу электр орталығының жылу жүйесіне қосу мәселесі талқыланды.
Қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Тимур БАСАРОВ «Береке» ықшам ауданында жұмыс істейтін мердігерлерді санамалай бастады, ол жерде сегіз компания жұмылдырылған екен.
- Ал «БатысАльянсСтрой» қайда? – деп сұрады Таубаев.
- Біз шақырдық, бірақ олар келмеді, - деп жауап берді бөлім бастығы.
- Олардың келмегені жақсы емес. Бұл сіздің үлкен қателігіңіз. Егер сізді құрметтемесе, демек, олар әріптестерін де құрметтемейді.
Сөйтсек, облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Наурыз мерекесіне орай пәтер кезегіндегілерге «Береке» ықшамауданынан пәтер бөлуді міндеттепті. Жылу қазірдің өзінде берілуде, бірақ бұл шағын ауданды абаттандыру мен сумен қамтамасыз ету кешіктіріліп жатыр. Кезек күтушілер тарапынан шағымдар, әкімдікке қарсы айыптаулар осыдан туындап отыр екен. Бұл таяқ айналып келгенде қалалық әкімдікке тиеді, ал кінәлі мекемелер көлеңкеде қалады. «Бейнеролик тарап кетті ме, оған да әкімдік кінәлі! Тұрғындардың алдында қай уақытта да әкімдік кінәлі болады!» - деп кеңес барысында әкім орынбасары әлденеше рет қызбалана сөйленеді.
- Бұл кешігулер үшін кім жауап береді? Кесте жасадыңыздар ма? – деп сұрады Таубаев.
- Иә, 15 наурызға дейін, - деді Басаров.
- Жауапты кім?
- «Алматыинжстрой», - деді компания өкілі. – Тапсырма толықтай түсінікті.
- 15 наурызда сіздер толық абаттандырып, ыстық сумен қамтып кетуге тиіссіздер. Құрылыс сапасы бойынша проблемалар болды деп естідім. Ол проблемалар жойылды ма? – деді Таубаев Басаровқа қарап.
- Ол да 15 наурызға дейін.
- Егер мерзімінде орындалмаса, қандай шаралар алынады?
- Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жүгіну. Егер өз келісімшарт міндеттерін орындамаса, онда келісімшартты бұзу.
- Құрылыс сапасына техникалық қадағалауды кім жүргізеді?
- Бұл үйлер пайдалануға берілген, мердігердің кепілдігінде, - деп жауап берді техникалық қадағалау жөніндегі компания өкілі.
- Бүгін мен өз әріптестерімді – жер бөлімін, сәулет бөлімін шақырдым. Үнемі біреулер сәулет бөлімі қол қоймайды, жер бөлімі кейбір проблемаларды тудырады дейді. Тікелей айтыңызшы, проблемалар бар ма? Егер бәрі үнсіз болса – қалалық әкімдік тарапынан да, қаржыландыру жағынан да ешқандай проблемалар жоқ деп есептеймін.
Екінші сұрақ – Балықшы поселкесін орталық жылу жүйесіне қосу бойынша. Құрылыс 3 кезеңде жүріп жатыр: I - магистралдық желілер, ІІ - орталық жылу пункті («АралСервис» ЖШС), ІІІ кезең - ішкі кварталдық желі (мердігер «Грандмастер» ЖШС). Таубаевтың пікірінше, қазір үшінші кезеңде бір жарым айға қалыс қалып жатыр.
- Қалалық әкімдік биыл орталық жылу беріледі деп уәде берді. Барлық мүдделі тараптар – «Атырау Жайық», газ, «Су арнасы» - бәрі сонда болады. Әкімдікке келудің қажеті жоқ. Барлық мәселені сол жерде шешеміз. Бұл ықшамаудан ойыншық емес, - деді әкімнің орынбасары.
Үшінші мәселе – «Нұрлы жер» бағдарламасы. Басаровтың айтуынша, 60 үйдің құрылысы жоспарланған, оның 28-нің құрылысы басталды: 14 үйді «БатысАльянсСтрой», 14-ін – «Азиястрой» салуда. Жұмыстар кестеден бұрын жүргізіліп жатыр.
- Қаржыландыру болады. Бағдарлама президенттің, үкімет пен облыс әкімінің бақылауында, - деп жалғастырды Таубаев. - Сіздер босаңсып, жұмыс істеп жатырмыз деп есептейсіздер, сұраныс жоқ, қажет болған жағдайда қаржыландырылып отырсыздар. Ешкім жазаланған жоқ, сондықтан «Берекеге» қатысты осы кезге дейін созылып кетті.
Сөз соңында әкімнің жаңа орынбасары мердігерлер мен бақылаушы органдарға бір-біріне қарама-қарсы тұрмай, ортақ шешім табуға кеңес берді.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
Суретті және бейнежазбаны түсірген: Фархат ӘБІЛОВ