Атырау, 25 қараша 20:52
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Заңсыз балық аулаушылар ұсталды

2 669 просмотра


25 тамызда Каспий теңізі сағасының оң жақ қолтығында 23 және 24 жастағы екі Атырау тұрғыны мінген «Ямаха-40» аспалы моторы бар пластик қайық ұсталды. 

Қайықтарын қарау кезінде көксерке, сыла, сазан, жайын, шортан балықтары салынған қапшықтар табылып, тәркіленді. Жалпы салмағы - 350 кг. Теңізде ұстау барысында браконьерлер заңсыз ауланған балықты суға лақтыруға тырысты.

Үш күннен кейін, 28 тамызда, Дамбы ауылы тұсында 1982 және 1977 жылы туған екі жергілікті тұрғын мінген «Меркурий-40» аспалы моторы бар «Казанка 5М4» қайығы ұсталып, тексеру кезінде жалпы салмағы 181 келі көксерке мен сыла балығы табылып, тәркіленді.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олег ТУШКАНОВ:

Екі аталған факт бойынша материалдар ҚР ҚК-нің 335-бабы (браконьерлік) белгілері бойынша тергеу алды тексеру жүгізу үшін құқыққорғау органдарына жіберілді. 

Фархат ӘБІЛОВ

Видеоны орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ұсынды 

31 тамыз 2018, 13:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.