Атырау, 24 желтоқсан 16:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Декларацияны кешіктіргендерге алаяқтар шабуыл жасауда

95 рет қаралды
Сурет: freepik.com
Сурет: freepik.com

2026 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне халықтың барлық санаты енгізілуі тиіс еді. Алайда Президент тапсырмасымен жүргізілген реформа нәтижесінде шамамен 9 миллион ересек азамат бұл міндеттен босатылды. Заңға өзгерістер 2025 жылғы 15 шілдеде қабылданып, күшіне енді.

Бірақ түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі салдарынан көптеген қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылғанын білмей отыр. Осыны пайдаланған алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, «декларацияны уақытында тапсырмадың» деп қорқытып, жеке деректерін сұратып, банк шоттарына қол жеткізіп жатыр.

ІІМ ескерту жасады:

  • Мемлекеттік органдар қызметкерлері телефон арқылы азаматтардан код немесе құпиясөз сұрамайды;
  • SMS кодтары мен жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу қажет;
  • Күдікті қоңырау түскен жағдайда әңгімені тоқтатып, 102 нөміріне хабарласу керек.

Жауапкершілік шаралары:

  • Декларацияны алғаш рет тапсырмаса – ескерту; қайталап бұзса – 15 АЕК (2025 жылы 58 980 теңге) айыппұл.
  • Қате немесе толық емес мәлімет енгізсе – алғаш рет ескерту, қайталап бұзса – 3 АЕК (11 796 теңге).
  • Салық объектілерін жасырса – төленбеген салықтың 200%-ы көлемінде айыппұл, қайталап жасырса – 300%.

Кімдер декларация тапсырады?

  • Мемлекеттік қызметшілер және олардың жұбайлары;
  • Банктер мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және жұбайлары;
  • Жарғылық капиталдың 10%-дан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары;
  • Нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар;
  • Шетелдік шоттары мен мүлкі бар тұлғалар;
  • Цифрлық актив иелері;
  • Құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлік сатып алғандар.

Қаржы министрлігі алдағы бес жылда декларациялаудан толық бас тартуды жоспарлап отыр. Жаңа Салық кодексінде алдын ала толтыру режимі енгізіліп, азаматтарға жеңілдетілген сервис ұсынылмақ.

Бүгін, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.