Атырау, 25 қараша 20:27
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тамыз педсоветі

Сурет Бейнежазба
3 367 просмотра


23 тамызда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Атырау педагогтарының дәстүрлі конференциясы өтті. Іс-шара президенттің жұмыс сапарымен сәйкес келгендіктен, көптеген шенеуніктер мұнда қатыса алмады, ал облыстық білім басқармасының басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВ жиын соңында әріптестеріне өңір бойынша білім саласындағы жалпы ахуал туралы айтып берді.  

Конференцияны ашқан қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Алмабек АБДОЛОВ өткен оқу жылында мұнайлы астананың мектептерінде 58 854 оқушы оқып, білім сапасы 55 пайызды құраған. Бұл алдыңғы жылдан 8 пайызға артық. ҰБТ-да ең төмен нәтиже – 13 балл, ең жоғарғы – 137.

- Жаңа оқу жылынан бастап 3, 6 және 8-сыныптар жаңартылған оқу бағдарламасымен оқытылады. Осыған байланысты 1 490 педагог біліктілік арттыру курстарынан өтті,- деді Абдолов. – Сонымен қатар, жаңа оқу жылында химия, биология, физика және информатика пәндері ағылшын тілінде өтеді, сондықтан қаланың 200 мұғалімі арнайы курстарда оқыды. Мамыр айында педагогтарды Ұлттық біліктілік тестілеу өтіп, аттестациядан өткендер жалақыларына 30-50 пайыз көлемде үстемақы алады.

Осы кезде залда отырған педагогтар қуаныштарын жасыра алмай, «Алақай!» деп айқайлап жіберді.


Атырау әкімінің орынбасары Полымбет ХАСАНОВ:

- Қалада мектептер мен балабақшалар құрылысында проблемалар жоқ емес. Мысалы, Атырау ауылдық округында балабақша бес жылдан бері салынып жатыр. Мектеп директорларына айтпағым: мектептер күрделі жөндеуден 7-8 жылда бір өтеді. Сіздерге сметалық-жобалық құжаттама жасауға мамандар келгенде барлық ұсақ-түйектерді қостырыңыз. Кейбір пысық әріптестеріңіз өз мектептерінің алдына асфальт та жүргізіп алған.

Әрі қарай әкім орынбасары қала мектептерінің оқушыларға лық толы екенін атап өтіп, бұл мәселелерді шешу үшін Жұлдыз, Ракуша, Дамбы елді мекендерінде мектеп құрылысы басталғанын айтты. Ол, сондай-ақ, оқушыларды бағалау мәселесіне де тоқталып кетті:

- Мектептерден талай «Алтын белгіге» үміткерлері шығады, алайда ҰБТ кезінде қажетті балдарын жинай алмайды. Неге бұлай? Құрметті ұстаздар, баланы көтермелеп бағалауды қояйық.

Сөз соңында Хасанов жоғары сынып оқушылары арасында жүктілік фактілері мен оқушылар арасында құқықбұзушылық фактілер азайтуға қатысты ескертпелерін айтты.

Жиналыс салтанатты түрде аяқталды – үздік 4 педагог қала әкімінің алғыс хаты мен шипажай жолдамасына ие болды.



Фархат ӘБІЛОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

24 тамыз 2018, 19:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.