Атырау, 7 ақпан 03:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Тайванда 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды

353 рет қаралды

Тайваньның оңтүстік-шығысындағы Тайдун уезінде 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

Орталық метеорологиялық бюроның (CWA) хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Тайдун уезінің әкімшілік орталығынан 10,1 км солтүстікте орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 11,9 км тереңдікте болған.

Жер асты дүмпулері Тайдуннан бөлек көршілес Хуалянь және Пиндун уездерінде де сезілді.

Құрбандар мен материалдық шығындар туралы ақпарат түскен жоқ.

24 желтоқсан 2025, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.