Атырау, 24 желтоқсан 16:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​124 өтінім, айыппұлдар және бақылау: Атыраудағы коммуналдық тарифтерге не болып жатыр

101 рет қаралды

Атырау облысында халыққа көрсетілетін коммуналдық қызметтердің бағасы қатаң қадағаланып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті бөлім басшысы Жанар Дәрібаева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

1 желтоқсанға дейін департамент тарифтерді бекіту және келісу бойынша 124 өтінімді қарады.

Инвестициялық бағдарламаларды орындамаған бірнеше кәсіпорынға әкімшілік жаза қолданылып, айыппұл салынды. Биылғы 1 қаңтар мен 1 қазан аралығында коммуналдық қызмет тарифтерінің орташа өсімі 5% деңгейінде сақталды. Кейбір қызмет түрлерінде тариф төмендеді: жылумен жабдықтау – 7%, сумен жабдықтау – 10%, газбен жабдықтау – 16%.

Облыста 40 табиғи монополия субъектісінің қызметі реттелуде. Олар су, жылу, электр, газ және кірме жолдар саласында жұмыс істейді.

2015 жылдан бері ұзақ мерзімді тарифтік саясат қолданыста, ол инфрақұрылымды жаңғыртуға инвестиция тартуға және апаттардың алдын алуға мүмкіндік берді.

2023 жылдан бастап іске қосылған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы осы бағыттағы жұмыстарды күшейтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қабылданған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы 2026 жылдан бастап негізгі кезеңіне көшіп, тозығы жеткен инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартуды көздейді.

Бүгін, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.