Атырау, 24 желтоқсан 22:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Алименттік талаптар

– Мен алимент алу үшін сотқа жүгінген едім. Бірақ маған сәбидің кәмелетке толғандығын, мұндай талап-арызды оның өзі беруге тиіс екендігін желеуретіп, құжаттарымды қайтарып жіберді. Кейбір басылымдардан, егер бала толықтай менің асырауымда болса (ол университетте күндізгі бөлімде оқиды және жұмыс жасай алмайды), мұны ол үшін анасы ретінде менің жасай алатынымды оқыған едім. Менен талап-арызды алмауы заңды ма? 30 қаңтар 2014, 00:00 2 184 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үй қашан беріледі?

- Мен 2001 жылы тұрғын үй кезегіне тіркелген едім. Жолдасым қайтыс болған, екі балам бар, олар да жанұялы болып, сәби сүйіп отыр. Қазіргі уақытта тұрып жатқан уақытша үйіміз бізге тарлық етуде. Маған тұрғын үй қай уақытта беріледі екен? 19 желтоқсан 2013, 00:00 4 418 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Есікке қысылып қалмаңыз!

- Балам СТГ-де бастауыш сыныпта оқиды. Сабақ аяқталғаннан кейін гимназия іші азан-қазан болады: бірінші ауысымдағы бүлдіршіндерді жоғары сынып оқушылары таптап тастайды деуге болады. Өйткені кіретін есіктер ешқашан толық ашылмайды. Балаларға сөмкелерімен тар есік қуысынан сығылысып өтуге тура келеді. Балаларға анағұрлым ұқыпты қарау үшін мектеп басшылығына қалай ықпал етуге болады? 24 қазан 2013, 00:00 1 973 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Куәлікте белгіленбеген

- Мен жалғыз басты анамын. Баланың әкесі мен жүкті кезімде баладан бас тартты. Туу туралы куәлік алуға өтініш берерде «әкесі» деген бағанды бос тастап кеттім, балаға өз тегімді бергім келді. Алайда ХҚКО-да маған өтінішті дұрыс толтырмадың, бос жер тастап кетуге болмайды деп, туу туралы куәлік беруден бас тартты. Енді не істеуім керек? 22 тамыз 2013, 00:00 2 194 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Білім алудың да өз реті бар

- Менің 1988 жылы туылған балам Қазіргі заманғы гуманитарлық академияның сырттай бөлімінде оқиды. Енді осы оқуын жалғастыра отырып, ол Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжіне де сырттай бөлімге оқуға тапсыра ала ма? Колледж ұжымы қабылдаймыз деп отыр, дегенмен болашақта кедергілер болмай ма? Бір мезгілде екі оқу орнында оқып, диплом алу заңды ма? 11-сыныпты бітірген балам колледжде неше жыл оқиды? 8 тамыз 2013, 00:00 2 259 рет қаралды
Әкелер мен балалар Сұрақ-жауап

Әкелер мен балалар

– Мен әйеліммен бір жыл бұрын Махамбет сотында әйелімнің мекен-жайы бойынша ажырастым. Кәмелетке толмаған екі баламды маған тәрбиелеуге қалдырғанын қалаған едім, өйткені әйелім бірге өмір сүрген 6 жыл ішінде балаларға қараған жан емес. Бірақ Махамбет соты менің дәлелдеріме және әрі бірінші некедегі бұрынғы әйелімнен туған қызымды оның ата-анасы тәрбиелеп жатқандығына қарамастан балаларды әйеліме қалдырды. 25 шілде 2013, 00:00 3 443 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мұраға қатысты мәселелер

– Мен көптен бері Қазақстаннан тысқары жерде тұрамын және отаныма жылына бір-ақ рет қана келемін. Әкем ертерек қайтыс болған, ал бірнеше ай бұрын анамды жер қойнына тапсырдым. Анамды жерлегеннен кейін пәтер кімге тиесілі болады деген сұрақ туындады, мен отбасындағы жалғыз бала едім. Сөйтсек, анам жиенімнің пайдасына өсиет қалдырған екен. Оны даулауға бола ма? Өйткені анамның мұндай өсиетхат қалдыруы мүмкін емес деп есептеймін. 18 шілде 2013, 00:00 2 715 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ересектерге арналған есеп

– Менде өз қызымды асырап алуға қатысты проблемалар туындады. Жағдай былай: әйеліміз екеуміз ажырасқанбыз, сот шешімімен баланы анасының қамқорлығына қалдырды. Бірақ іс жүзінде қызым менімен бірге тұрады. 2011 жылы анасы қызынан бас тартатындығы және менің асырап алуыма келісімін беретіндігі туралы қолхат жазған еді. Қолхат нотариалды түрде расталған. Сол жылы мен қалалық білім беру бөлімінің қамқоршылық органдарына арызбен шықтым. Ол жердегілер әкімдіктен комиссия жіберуге уәде берді. Содан бері ешкім келген жоқ. Мен бірнеше рет оларға хабарласқан едім, маған «күтіңіз» дейді. 18 шілде 2013, 00:00 2 732 рет қаралды
Балабақша жасына сай емес Сұрақ-жауап

Балабақша жасына сай емес

- Мен балабақша кезегінде 2011 жылдан бері тұрмын. Қызым 1 жас 9 айда. 2012 жылдың 16 ақпанындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 52-бабының 3-тармағына сәйкес, әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінде кезектен тыс орындар береді. 11 шілде 2013, 00:00 6 830 рет қаралды
...Тарыдай болып кіресің Сұрақ-жауап

...Тарыдай болып кіресің

-Биыл 1-сыныпқа баратын баламды өзім қалаған мектепке апара алам ба, әлде міндетті түрде өзіміздің тұрғылықты мекен-жайымыз бойынша бөлінген мектепке баруға тиісті ме? Егер кез келген мектепке апаруға рұқсат етілсе, қандай құжаттар жинақтауым керек? 20 маусым 2013, 00:00 3 622 рет қаралды
Сұрақ-жауап

ТШО тартуы

– Балаларымыз ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда оқиды. Біз өзіміз Нұрсаяда тұрамыз. 2012 жылдың ақпанында ТШО-ның әлеуметтік бағдарламасы аясында Нұрсаяда гимназияға арналған жаңа ғимарат салынатыны белгілі болды. Алайда мектеп салу үшін таңдалған жер телімінде жерасты сулары жоғары деңгейде болып шықты деседі. Гимназия құрылысына қатысты жағдай қазір қалай? Біздің ауданда қандай мектеп және мектепке дейінгі мекемелер салынатын болады? 16 мамыр 2013, 00:00 3 020 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мүгедектік -диагноз бойынша

- Ұлым «құлақ жарғағының туа біткен ауытқуы» (құлағы жоқ) деген диагнозбен дүниеге келді, екінші құлағы нашар естиді. Балам 4 жаста, ол әлі күнге дейін сөйлей алмайды. Оған қоса ихтиоз сырқаты бар. Оған мүгедектік және соған қатысты жәрдемақы тиесілі ме? 2 мамыр 2013, 00:00 2 479 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бұл - заңсыз

- Менің балам ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның бастауыш сыныбында оқиды. Өз сынып жетекшісі сабақтан кейін сынып оқушыларының үлгерімін көтеру үшін әр оқушыдан сағатына 1000 теңгеден мектепте ақылы сабақтар өткізеді. Бір сыныптан осы қосымша сабақтарға 10 шақты бала қатысады. Сонда әр баладан 1000 теңгеден алғанда күніне мұғалім 10 000 теңге ақша табады екен. Осы қаншалықты заңды? 2 мамыр 2013, 00:00 1 935 рет қаралды
Кішіге орын бер Сұрақ-жауап

Кішіге орын бер

– Жақында балабақша әкімшілігі біздің балаларымыз балабақшаға тек 31 мамырға дейін бара алатынын, ал содан кейін олар түлектер болғандықтан оларды балабақшаға апаруға құқығымыз жоқ екендігін ескертті. Алайда алдымыз жаз, алты жасар баланы күні бойына үйде жалғыз қалдыруға қорқамыз. Балабақша әкімшілігінің талаптары заңды ма? 2 мамыр 2013, 00:00 2 456 рет қаралды
Екпені қатар салуға рұқсат бар Сұрақ-жауап

Екпені қатар салуға рұқсат бар

– Қызым «митральды клапанның тозу өзгерістерінің типі бойынша туа бітті ауытқуы, 2-дәрежелі митральдық жетіспеушілік ФКСН-1» деген диагнозбен кардиологтың есебінде тұр. 14 наурызда мектепте ата-аналарға еш ескертпестен және хабарламастан (біз диагноз жазылған үзінді көшірмесін мектеп әкімшілігіне ұсынған едік), оған АДС екпесі мен қызылшаға қарсы қайталама вакцина егіпті. 16 наурызда қызым ауырып қалды. Осыған байланысты мына сұрақтарды қойғым келіп отыр: мектептегі медбике мектеп әкімшілігі немесе сынып жетекшілері арқылы алдын ала екпе салатындықтары туралы ата-аналарға хабарлауға міндетті ме? 11 сәуір 2013, 00:00 3 235 рет қаралды
Себет қарын тойдырмайды Сұрақ-жауап

Себет қарын тойдырмайды

– Мен ІІ топ мүгедегімін, жәрдемақы аламын. Әйелім айына 35 мың теңге жалақы табады. Біздің кәмелетке толмаған екі баламыз бар. Бұл ақшаға балаларды өсіру өте қиын. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылымыз ба? 28 наурыз 2013, 00:00 2 717 рет қаралды
«Лифт істеп тұр ма?» Сұрақ-жауап

«Лифт істеп тұр ма?»

– Мен көп уақыттан бері ауыз су жеткізумен айналысатын Waterlife компаниясының тұтынушысымын. Бүгінгі күнге дейін қиындық туындамай, суды уақытында жеткізетін. Бірақ соңғы кездері курьерлер жоғарғы қабаттарға көтерілуден бас тартатын болған. Біз 10-қабатта тұрамыз. Ал, өкінішке орай, лифт бірде жасаса, бірде жасамай қалады... 28 наурыз 2013, 00:00 2 239 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мектепте оқуға ата-анасының қолхаты керек

«Менің 7 жасар қызым 1-типті (инсулинге тәуелді) қант диабетіне шалдыққан. Ол - І топ мүгедегі. Мемлекеттен айына барлығын қосқанда 38 мың теңге көмек аламыз. Мәселе мынада болып отыр: қандағы қант деңгейін әрбір екі сағат сайын, яғни күніне 8 рет өлшеп, 5 рет дәрі егу керектігі ұсынылған. Яғни, біз айына тест-жолақтың 2,5 орамасын (бір орамада 100 дана бар) және шприц-қалам үшін 150 ине (бір орамада 100 ине болады, бір қораптың құны – 3000 теңге) пайдаланамыз. 21 наурыз 2013, 00:00 16 599 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жәрдемақыдан бөлек жеңілдік бар

- Мен ІІ топ мүгедегімін, 20 мың жәрдемақы аламын. Бұл ақшаға өмір сүру өте қиын. Жәрдемақыдан басқа мүгедектерге не тиесілі және коммуналдық қызметтерді төлеуге жеңілдіктер бар ма, соны біліп берсеңіздер екен. 14 наурыз 2013, 00:00 3 066 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көршілер, шатырды жөндеуге бірігіңдер!

– Менің есімім - Тимур Мәтжанов, бала кезден ІІ топ мүгедегімін. Сәтпаев, 10-үй, 80-пәтер мекен-жайындағы бір бөлмелі пәтерде, бесінші қабатта анаммен бірге тұрамын. Төбемізден су кетіп, сылағының түсіп жатқанына жеті жыл болды. ПИК-ке әлденеше рет хабарластық, бірақ ондағылар қаржының жоқтығын айтып, шатырды өзімізге жөндеуді ұсынып, есесіне пайдалану шығындарынан 15 мың теңгені шегеріп тастайтындықтарын айтты... 14 наурыз 2013, 00:00 1 843 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бұрынғыша есептеледі

Интернетте жаңа жылдан бастап алименттер жаңаша есептеледі деп жазылып жүр. Егер бұрын нақты жалақы мөлшерімен есептеген болса, енді ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерімен есептеледі екен. Қазір күйеуіммен ажырасқалы жүрмін. Оның алатын жалақысы – 350 мың теңге. Демек, егер ол бұрын балаға осы соманың 25 пайызын, яғни, шамамен 87 мың теңгені төлер болса, енді 4,5 мың төлемек пе? Оның жалақысына қатысты тағы бір сұрағым бар. Оған ресми түрде 200 мың теңге, ал бейресми тағы 150 мың теңге төлейді. Мен күйеуімнің жұмысынан оның жалақысы туралы анықтама алып, сотқа апарғым келген. Бірақ жұмыс беруші (бұл - оның туған бауыры) маған анықтама берген жоқ. Қалай етуге болады? Маман түсінік берсе екен. 7 наурыз 2013, 00:00 3 040 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қамқорлыққа алынған мектептер

– №21 мектептегі жөндеу жұмыстарынан кейін бізді, мұғалімдерді 3 мың теңгеден дәліздегі стендтерге ақша беруге мәжбүрлеп отыр. Өз есебімізден сыныптарды безендіруге: жалюздер, көрнекі құралдар мен басқа да нәрселерді сатып алуға міндеттеді. «Ата-аналардан немесе өздерің жинаңдар» деді. Неліктен мұны өз қаржымыздан жасауға мәжбүрлейді?.. 14 ақпан 2013, 00:00 2 121 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Егеуқұйрық, тышқан бар ма?

– Мен Балықшыдағы жеке секторда Оң жақ Жоғарғы Перетаска көшесінде тұрамын. Бұрын бізде тұрақты түрде тышқандар мен егеуқұйрықтарды құрту жұмыстарын жүргізіп, үйлерді аралап арнайы улы заттар тарататын. Соңғы рет бұл 2011 жылы болды. Қазір суыққа байланысты сарайлар мен басқа қосалқы орынжайларда егеуқұйрықтар пайда болыпты. Неліктен оларды қазір уламайтын болған? 14 ақпан 2013, 00:00 3 468 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Есеп бұзылды

- Біз үшін газға ақша төлеу үлкен мәселеге айналды. Біз бұрын ақшаны ХҚО-ның Балықшы бөліміне барып төлейтін едік, бірақ бұл жолы кассирді түстен кейін күттік, ол келмеді. Төлемді Қазпошта да алмай, бізді Алмагүл ықшам ауданына жіберді. Ал онда тұрған кезектің шеті жоқ. Не істеуге болады? 9 қаңтар 2013, 18:58 2 091 рет қаралды
Ажырасу тәртібі Сұрақ-жауап

Ажырасу тәртібі

– Ажырасуды ұйғарған едім, бірақ сотқа қалай арыз жазу керектігін білмеймін. Қандай құжаттар тіркеу керек? Алимент пен мүлікті бөлісуге басқа арыз беру керек пе? Сотта адвокаттарға жүгінуге кеңес берген еді, бірақ олардың қызметтерін төлейтін қаржым жоқ. 26 желтоқсан 2012, 16:59 79 314 рет қаралды
Негізгі көше қайсысы? Сұрақ-жауап

Негізгі көше қайсысы?

– Біршама уақыттан бері Балғымбаев – Жарбосынов қиылысында («Ренко» мейманханасының маңында) қозғалыс басымдығы өзгерді. Бұрын Жарбосынов көшесінен Балғымбаевқа бұрылатын машиналарда артықшылық бар болатын. Оларды мейманхана жақтан және SOS емханасы орналасқан тұйықтан шығатын көліктер өткізіп жіберетін. Енді артықшылық Балғымбаев көшесіне берілген. Бұл қиылыста қозғалыс көп емес. Ендеше өзгерісті енгізуге қандай қажеттілік болды екен деген сұрақ туындап отыр. 26 желтоқсан 2012, 17:02 2 130 рет қаралды
Барлығы бақшаға! Сұрақ-жауап

Барлығы бақшаға!

- Бірнеше жылдан бері мемлекеттік балабақшадан орын ала алмай келеміз, сондықтан да баламызды жекеменшік бақшаға апарып жүрміз. Балаларын жекеменшік бақшаға беріп жүрген ата-аналарға «Балапан» бағдарламасы бойынша өтемақы төленеді деп БАҚ беттерінен бірнеше рет оқыдым. Облыс әкімі соңғы бір сөзінде осы мәселені қозғап, өтемақылар 2013 жылдан бастап төленеді деп мәлімдеген болатын. Құжаттарды қайда тапсыру керек (ХҚО-ға ма әлде қалалық білім беру бөліміне ме)? Қандай құжаттар дайындау керек? Ақша қалай аударылады – арыз берушінің атына ма әлде балабақша шотына ма? Төлемақы төлеу мерзімі қандай? 19 желтоқсан 2012, 16:40 4 226 рет қаралды
Конвекторларды қолдануға рұқсат жоқ Сұрақ-жауап

Конвекторларды қолдануға рұқсат жоқ

– Біз Балықшыдағы Байжігітов көшесі, 84-үй мекен-жайындағы көпқабатты үйде тұрамыз. Үйіміз жылытылмайды.  Әкімдіктегілер бұл жөнінен хабардар, бірақ ештеңе шешілмей отыр. Кейбір тұрғындар газ конвекторларын орнатуға тырысқан, алайда газшілер оларға рұқсат беруден бас тартып, бүкіл үйдегі газдың келуін тоқтатып тастады. Дегенмен, танымал ЖШС-лердің бірі 100 мың теңгеге газшілер мен ТЖ қызметкерлерінен рұқсат аламыз деп отыр. Сонда ақша төлеп, рұқсат алуға бола ма? 12 желтоқсан 2012, 19:23 2 134 рет қаралды
Кешіктіру себеп емес Сұрақ-жауап

Кешіктіру себеп емес

–  2009 жылы мен жүктілігіме байланысты демалысқа шықтым. Бала күту демалысында болғанымда тағы да жүкті болдым. Осыған байланысты мен ақысыз еңбекке жарамсыздық бетшесін рәсімдедім, жұмыс беруші оған қолын қойды. Одан кейін мен баланың жасы 3-ке келгенше бала күту бойынша ақысыз демалыс беру жөнінде арыз жазғанымда күнді шатастырып, оны жарамсыздық бетшесінің мерзімі  аяқталғаннан кейінгі 10 күннен соң  жазыппын. Жұмыс беруші осыны пайдаланып мені жұмыстан шығара ала ма? 5 желтоқсан 2012, 18:00 2 376 рет қаралды
Ұлтын өзі таңдасын Сұрақ-жауап

Ұлтын өзі таңдасын

– Менің жұбайым - Молдавия азаматы. Мен Қазақстан азаматшасымын. Осыдан бірнеше ай бұрын өмірге баламыз келді. Туу туралы куәлікті рәсімдеу барысында «әкесінің ұлты» деген бағанға сызықша қойылған. АХАТ бөлімінің қызметкерлері мұны жұбайымның төлқұжатында оның ұлтының көрсетілмегендігімен түсіндірді. Оның ұлты шындығында молдаван, бірақ, Молдавия азаматтарының төлқұжаттарында тек азаматтықтары ғана жазылады, ал, «ұлты» деген баған болмайды. Біз енді не істеуіміз керек? Біз болашақта баламыздың ұлтын таңдау құқығы болғанын қалап едік. 5 желтоқсан 2012, 18:06 3 224 рет қаралды
Жазбаша өтініш жазыңыз Сұрақ-жауап

Жазбаша өтініш жазыңыз

– Біз «Мұнайшы» бағбандық қоғамының маңында тұрамыз. Біздің қасымыздағы тас жолда көлік қозғалысы өте қарқынды. Теміржол көпіріне жақын жерде жолдан өту қауіпті. Біз осы маңдағы жаяу жүргінші өткеліне мұқтаж болып отырмыз. 28 қараша 2012, 16:18 2 406 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ата-аналардың құқығы бірдей

– Ажырасқаннан кейін бұрынғы жұбайым екі баланы алып, селода тұратын өз анасының қолына кетті. Ол жерде ешқандай жағдай жоқ. Оның үстіне ол маған балаларыммен кездесуге және демалыс күндері алып кетуіме рұқсат бермей отыр. Оның өзі еш жерде жұмыс жасамайды, тіркелген тұрақты мекен-жайы да жоқ. Мұндай жағдайда әкесі балаларға деген өз құқығын талап ете ала ма? 14 қараша 2012, 18:07 3 325 рет қаралды