- Мен жалғыз басты анамын. Баланың әкесі мен жүкті кезімде баладан бас тартты. Туу туралы куәлік алуға өтініш берерде «әкесі» деген бағанды бос тастап кеттім, балаға өз тегімді бергім келді. Алайда ХҚКО-да маған өтінішті дұрыс толтырмадың, бос жер тастап кетуге болмайды деп, туу туралы куәлік беруден бас тартты. Енді не істеуім керек?
Телефон бойынша
Сұраққа ҚР Әділет министрлігінің құқықтық-ақпараттық қызметі жауап берді:
- Расында да «әкесі» деген бағанды бос қалдыруға болмайды. Әйелге тағы да ХҚКО-ға барып, туу туралы куәлік алу туралы өтінішті толтырғанда «әкесі» делінген бағанға өзінің, яғни, анасының тегін жазу керек. Сондай-ақ, балаға қазақ халқының дәстүрі бойынша атасының тегін беруге болады. Бұл жағдайда «әкесі» делінген бағанға өз әкесінің аты-жөнін жазу қажет.