Атырау, 27 желтоқсан 04:45
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

ТШО тартуы

2 860 просмотра

– Балаларымыз ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда оқиды. Біз өзіміз Нұрсаяда тұрамыз. 2012 жылдың ақпанында ТШО-ның әлеуметтік бағдарламасы аясында Нұрсаяда гимназияға арналған жаңа ғимарат салынатыны белгілі болды. Алайда мектеп салу үшін таңдалған жер телімінде жерасты сулары жоғары деңгейде болып шықты деседі. Гимназия құрылысына қатысты жағдай қазір қалай? Біздің ауданда қандай мектеп және мектепке дейінгі мекемелер салынатын болады?

azh.kz сайтынан

Сұраққа «Теңізшевройл» ЖШС-нің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ жауап берді:

– Мектеп құрылысының жобасы «Игілік» ерікті бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда. Аталмыш жобаның мемлекеттік сараптамасын алғаннан кейін ТШО 2013 жылдың қаңтарында жалпы құрылыс жұмыстарына кірісті. Қазіргі уақытта жұмыстар тоқтатылды. Осы жер телімінде шынымен де жерасты суларының деңгейі жоғары екені анықталды. Бұл инженерлік талдау жүргізуді және осынау әлеуметтік маңызды нысанды сапасыз салудың алдын алу үшін шешім қабылдауды қажет етті. Дегенмен де, ТШО осы жер теліміндегі жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отыр. Жоспарланған пайдалануға беру уақыты: 2014 жылдың шілде-тамыз айлары. Кәсіпорын техникалық қызмет көрсету үшін жертөле орынжайы бар 3 қатарлы каркасты ғимарат салуды жоспарлауда. Қабырғалар мен аралықтардың материалы: жылытқыш пен керамикалық қаптағыш кірпішпен қаланған газды бетон. Ғимараттың жалпы алаңы шамамен 12 000 шаршы метрді құрайды. Әрбір оқушыға 18 шаршы метр пайдалы алаң қарастырылады (типтік бюджеттік жоба бойынша әдетте 1 балаға 8 шаршы метрден келеді). 30-дан астам оқу жайлары, акт залы, оқу залы мен видеотекасы бар кітапхана, компьютерлік және лингвистикалық сыныптар, жоғарғы және кіші топтар үшін спорт залдары, медициналық және әкімшілік орынжайлар, тирлер, демалыс орындары және көптеген қосалқы орынжайлар қарастырылған. Бұл жобаның бастапқы құны 1 717 млн теңгені құрайды. Құнына бүкіл құрылыс жұмыстары кіреді, өйткені нысан қоршалған аумақты абаттандыру және көгалдандыруды қосқанда, «кілтпен» тапсырылады. Барлық технологиялық жабдықтар, жиһаз бен жалпы оқу мүліктері сметалық құнына енгізілген және ТШО есебінен сатып алынатын болады.

Қазіргі уақытта жерасты суларының деңгейін төмендететін шаралар жүргізіліп жатыр. Таяу уақытта құрылысты қайта бастау жоспарлануда, бұл жұмыстың жалпы кестесіне әсер етпеуі тиіс.

Облыстық білім беру басқармасында Нұрсаяда ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназиядан бөлек 120 орындық жатақханасы бар 720 орындық «Назарбаев зияткерлік мектебінің» салынып жатқанын хабарлады. Республикалық бюджеттен 280 орындық балабақша, НКПОК компаниясының демеушілік қолдауымен 320 орындық балабақша салынатын болады.

Бұлармен қатар 2013 жылы 624 орындық орта мектеп салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады.

16 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.