Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Жазбаша өтініш жазыңыз

2 202 просмотра

– Біз «Мұнайшы» бағбандық қоғамының маңында тұрамыз. Біздің қасымыздағы тас жолда көлік қозғалысы өте қарқынды. Теміржол көпіріне жақын жерде жолдан өту қауіпті. Біз осы маңдағы жаяу жүргінші өткеліне мұқтаж болып отырмыз.

Телефон арқылы

Сұраққа ІІД ЖПБ-ның техникалық қадағалау жөніндегі аға инспекторы Мұхтар ӘЗІМОВ жауап берді:

– Осы жол өтпесі жөніндегі мәселе облыстық әкімдікте талқыланды. Жоспар бойынша бұл ауданнан 4 жолақты қозғалыс жасау, ал көп салмақты көлікті СМП мен Балықшы арқылы айналма жолмен жүргізу жобаланған. Бірақ бұл жоба ғана. Тұрғындарға жол полициясы басқармасына жазбаша өтінішпен шығуға кеңес беремін. Біздің қызметкерлеріміз сол жерді тексеріп, ол жерге не істеу керектігін анықтайтын болады. Айта кетелік, 2013 жылға қарай бізге 2 мың жол белгілерін орнатуға қаржы бөлінеді.

28 қараша 2012, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.