Атырау, 27 желтоқсан 03:53
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Білім алудың да өз реті бар

2 047 просмотра

- Менің 1988 жылы туылған балам Қазіргі заманғы гуманитарлық академияның сырттай бөлімінде оқиды. Енді осы оқуын жалғастыра отырып, ол Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжіне де сырттай бөлімге оқуға тапсыра ала ма? Колледж ұжымы қабылдаймыз деп отыр, дегенмен болашақта кедергілер болмай ма? Бір мезгілде екі оқу орнында оқып, диплом алу заңды ма? 11-сыныпты бітірген балам колледжде неше жыл оқиды?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық білім беру басқармасының басшысы Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ жауап берді:
- ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтар №130 Қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сай оқуға түсу үшін оқу орнына білімі жөніндегі түпнұсқаны тапсыру қажет. Сол себепті Сіз бір мезгілде екі оқу орнында қатар білім ала алмайсыз.

8 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.