Атырау, 20 сәуір 09:37
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Конвекторларды қолдануға рұқсат жоқ

1 788 просмотра

– Біз Балықшыдағы Байжігітов көшесі, 84-үй мекен-жайындағы көпқабатты үйде тұрамыз. Үйіміз жылытылмайды.  Әкімдіктегілер бұл жөнінен хабардар, бірақ ештеңе шешілмей отыр. Кейбір тұрғындар газ конвекторларын орнатуға тырысқан, алайда газшілер оларға рұқсат беруден бас тартып, бүкіл үйдегі газдың келуін тоқтатып тастады. Дегенмен, танымал ЖШС-лердің бірі 100 мың теңгеге газшілер мен ТЖ қызметкерлерінен рұқсат аламыз деп отыр. Сонда ақша төлеп, рұқсат алуға бола ма?

Телефон арқылы

Сұраққа «ҚазТрансГаз Аймақ» ӨФ бас инженері Александр БАЛАКИН жауап береді:

– Газ конвекторларын көппәтерлі тұрғын үйлерге орнатуға тыйым салынған. Атырауда сатылатын конвекторлар - өндірістік түрлері, бұл туралы олардың төлқұжаттарында жазылған. Оларды тұрғын ғимараттарға орнатпайды. Оның үстіне, ресейлік «Гипрониигаз» институтындағылар бізге конвективті жылыту құралдарын 5-қабатты үйлерге тек әр пәтерде жылыту жобасы қарастырылса ғана орнатуға болатынын хабарлады. Тұрғын үйде бәрі ескерілуі тиіс: ауаның берілуі, жертөле орынжайының жылытылуы және т.б. Бізде көппәтерлі үйлер басқаша жобаланған. ЖШС қызметіне келер болсақ, бірде-бір қызмет, соның ішінде біздің қызмет те көппәтерлі тұрғын үйлерге мұндай рұқсаттар берген емес.

12 желтоқсан 2012, 19:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.