Атырау, 18 сәуір 08:33
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Ұлтын өзі таңдасын

2 703 просмотра

– Менің жұбайым - Молдавия азаматы. Мен Қазақстан азаматшасымын. Осыдан бірнеше ай бұрын өмірге баламыз келді. Туу туралы куәлікті рәсімдеу барысында «әкесінің ұлты» деген бағанға сызықша қойылған. АХАТ бөлімінің қызметкерлері мұны жұбайымның төлқұжатында оның ұлтының көрсетілмегендігімен түсіндірді. Оның ұлты шындығында молдаван, бірақ, Молдавия азаматтарының төлқұжаттарында тек азаматтықтары ғана жазылады, ал, «ұлты» деген баған болмайды. Біз енді не істеуіміз керек? Біз болашақта баламыздың ұлтын таңдау құқығы болғанын қалап едік.

Телефон арқылы

Сауалға ҚР Әділет министрлігі құқықтық ақпараттық қызметінен түсінік алдық:

– ҚР «Неке және отбасы туралы» заңының 65-бабы бойынша баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады. Егер ата-анасының ұлты әртүрлi болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлiгi немесе төлқұжат берiлген кезде әкесiнiң немесе шешесiнiң ұлтымен айқындалады. Одан әрi баланың ұлты оның өтiнiшi бойынша басқа ата-анасының ұлтына өзгертiлуi мүмкiн.

Бұл жағдайда баланың әкесіне оның ұлтын көрсететін қандай да бір құжатты ұсынуы керек. Айталық, ол оның туу туралы куәлігінің көшірмесі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда куәліктің көшірмесі Молдавиядан расталуы тиіс. Сондай-ақ, егер дәл осы күнде баланың туу туралы куәлігінде «әкесінің ұлты» деген бағанда сызықша тұрса, онда өзгерту  тек туу туралы куәлікте ғана емес, акт жазбасында да жасалуы тиіс.

5 желтоқсан 2012, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.