– Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) бойынша квотаға үміткерлер тізіміне қалай енуге болады?
azh.kz сайтынан
Сұраққа облыстың бас акушер-гинекологы Гүлмира ҚАЙРАЛИЕВА жауап берді:
– ЭКҰ квотасын алу тізіміне ілігу үшін мынадай медициналық көрсетілімдер қажет: ер адамның дәлелденген бедеулігі, жатыр түтігінің тарылуы немесе оның жоқтығы, тұқымсыз неке бойынша есепке тұру кезінде ғана анықталуы мүмкін басқа да көрсетілімдер. Бұл шарттарды жұптардың көпшілігі елей қоймайды, өйткені атыраулықтар басқа жаққа барғанды немесе халық емшісіне қаралғанды жөн санайды. Осынау төменгі көрсеткіштің (объективті емес) салдарынан бізге республикадан аз мөлшерде квота бөледі. Мәселен, №3 емхана ауқымды аумаққа қызмет көрсетеді, алайда есепте бар болғаны3 әйел ғана тұр. Осыдан келіп квота да аз беріледі. Облыс бойынша кезекте 100 жұп тұр, ал биыл бізге бар болғаны 20 квота бөлінді. Өткен жылы квоталар тамыз айында бітіп қалған еді. Ал биыл бұған қарағанда одан ертерек бітетін шығар. Бүгінде 2014 жылдың квотасы бойынша ЭКҰ орталығындағы комиссияға 5 жұп кетті. Егер оларды мақұлдаса, онда олар өз квоталарын пайдаланады.
Сондай-ақ, біз комментарий алу үшін облыстық перзентхананың акушер-гинекологы, бедеулі неке жөніндегі үйлестіруші Гүлнәр ЕСҚАЙЫРОВАҒА хабарласқан едік:
– Ең алдымен әйел учаскелік гинеколог дәрігерге қаралып, диспансерлік есепке тұруы тиіс. Егер неке бедеу деп танылса (ол бірге тұрған уақытта жүктілік контрацепциясыз бір жыл өткенше басталмаса, осылай деп танылады), онда әйел бір жыл бойына бақылауға алынады: оны тексеруден өткізіп, себебін анықтайды, емдейді. Егер осы жыл өткеннен кейін нәтиже болмаса, онда ол квота алуға үміткер бола алады.
Қазір жасқа шектеу қойылмаған, 49 жасқа дейінгі әйелдер қабылданады. Бұл ресми түрде бала туатын жас деп танылған. Бір ғана шарт: егер басқа органдар, соның ішінде репродуктивті органдар тарапынан қарсы көрсетілімдер болмаса. Үміткерді қабылдамайтын ерекше диагноздар болады. Жыныстық ағзалар саласында ауытқулар, антимюллерлік гормон төмен (бұл аналық бездің фолликулдық резервінің көрсеткіші, егер ол төмен болса, онда әйелді қабыл алмайды) болмау керек. Тізімдер әйелдерге кеңес беру бөлімінде жасалады, яғни, бүкіл ақпарат бізге сол жерден келеді. Учаскелік гинекологтардың маған және облыстық акушер-гинекологқа тапсыратын арнайы есептік формалары бар. Бірақ көрсеткіштер өте төмен, бұл үлкен проблема – емханаларда үгіт-насихатпен айналыспайды, лайықты түрде ақпарат бермейді. Сондықтан әйелдерге белсенді болу керек. Мен күн сайын облыстық перзентханада сағат 15.00-ден кейін қабылдау жүргіземін.
В Атырау +3