Атырау, 29 наурыз 16:29
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қамқорлыққа алынған мектептер

1 781 просмотра

– №21 мектептегі жөндеу жұмыстарынан кейін бізді, мұғалімдерді 3 мың теңгеден дәліздегі стендтерге ақша беруге мәжбүрлеп отыр. Өз есебімізден сыныптарды безендіруге: жалюздер, көрнекі құралдар мен басқа да нәрселерді сатып алуға міндеттеді. «Ата-аналардан немесе өздерің жинаңдар» деді. Неліктен мұны өз қаржымыздан жасауға мәжбүрлейді? 

– Балам №17 мектепте оқиды. Жақында өз сыныбына оралды. Сол кезде киім ілетін шкафтары жоқ екені (ескісін лақтырып тастаған), жаңа жалюздер керектігі белгілі болып, мұғалім ақша жинау керектігін айтты. Неліктен бюджет кабинеттерді жарақтау қаржысын төлемейді? Мұны кім жасауы тиіс?

Телефон арқылы

Қалалық білім беру бөлімінің жетекшісі Қайрат ХАБИЕВ «жоғарыдан» жөндеуден өткен мектептерді өздері жарақтасын, педагогикалық ұжымдардан немесе ата-аналардан ақша жинасын деген бұйрық болмағанын мәлім етті. Қ.Хабиевтың айтуынша, жөндеу жұмысы КТК қаржысына жүргізілген. Ал осы мектептердегі жабдықтарды сатып алуға бюджетте қаржы қарастырылмаған. Хабиев мырза растағандай, мектептердегі ата-аналар комитеті бұрынғы жабдықтар өте ескі болғандықтан, жаңартылған сыныптарға жаңа көрнекі құралдар алу бастамасымен өздері шыққан екен.

14 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.